Шымкентте мақсары майын өндіру желісі іске қосылды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Шымкентте мақсары майын өндіру желісі іске қосылды

«Шымкентмай» зауытының технологиялық өндірісі қалдықсыз әрі табиғи өнім шығарады. Тарихы терең кәсіпорынның экспорттық әлеуеті артып, сыртқы нарықты да қамтымақ. Мақсары майын өндірудің жаңа желісі автоматтандырылған жүйемен басқарылады. Төрт түрлі сүзгіден өтіп, терең тазартылады. Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін, өнім  шыны бөтелкеге құйылады. Өндіріс қуаты сағатына 2 мың бөтелке шығаруға қауқарлы.

Наталья Харипова, «Шымкентмай» АҚ қаржы директоры:

- Saffi мақсары майы сапасы жағынан ғана емес, бағасы бойынша да бәсекеге қабілетті. Мақсары майының дәмі өте ерекше, жағымды. Тұтыну қасиеттері бойынша зәйтүн майымен сәйкес келеді. Бірақ біздің компанияның баға саясаты тұтынушыларды таң қалдырады. Кәсіпорын бұдан бөлек мақта мен күнбағыс майын да өңдеп, сауда сөрелеріне жөнелтеді.

Ел аумағы мен шет мемлекетке экспорттап, сауда нарығы бір ізге қойылған. Қалдықсыз өндірісті жетілдіру арқылы шикізаттан шашау шығармай өнім алады. Түрлі май мен оның қалдығынан кір сабыны да шығарылады. «Kazakhexport» компаниясымен ынтымақтастық орнатқан кәсіпорын нақты қолдауға ие  болды. Енді экспорт әлеуетін еселеп арттырмақ. Себебі өңдеу өнеркәсібін қолдау алып компанияның басым бағыты.

Алмаз Нұрғалиев, «Kazakhexport» ЭСК» АҚ Сақтандыру департаменті директорының орынбасары:

- Қазір «KAZAKHEXPORT» Қазақстанда түрлі май өнімдерін экспорттаушы сегіз кәсіпорынға 44 млрд теңгеден астам сомаға қолдау көрсетуде. Қазақстандық өсімдік майының нарығы жақсы шикізат базасымен, жолға қойылған өндірістік инфрақұрылыммен және дамыған логистикасымен сипатталады. Біз осы бағытта жұмыс істеуге дайынбыз. 

«Бәйтерек» холдингі мен сауда және интеграция министрлігінің қолдауы шіказатты өзімізде өңдеуге мүмкіндік береді. Түрлі шараның арқасында кәсіпкерлер тауар желісін кеңейтіп, сыртқы нарықты қамтуға мүмкіндік алды. 

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/514861-shymkentte-ma-sary-majyn-ndiru-zhelisi-iske-osyldy