«KazakhExport» СК» қызметкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қарағанды аймақтық филиалы алаңында «Шикізаттық емес сектор экспортшыларын қаржылық-сақтандырумен қолдаудың жаңа тетіктері және құралдары» деген тақырыпта семинар-кеңес өткізді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» СК» қызметкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қарағанды аймақтық филиалы алаңында «Шикізаттық емес сектор экспортшыларын қаржылық-сақтандырумен қолдаудың жаңа тетіктері және құралдары» деген тақырыпта семинар-кеңес өткізді

2017 жылдың 17 қаңтарында «KazakhExport» СК» АҚ-ның экспорттық кредиттік ангенттік қызметкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы алаңында «Шикізаттық емес сектор экспортшыларын қаржылық-сақтандырумен қолдаудың жаңа тетіктері және құралдары» деген тақырыпта семинар-кеңес өткізді. Онда құттықтау сөзі мен ынтымақтастық бойынша жылы лебізімен Қарағанды облысы бойынша филиал директоры Хасенова Гүлнар Алтынсаровна сөйледі.

Семинар барысында кәсіпкерлер мен екінші деңгейлі банк өкілдері үшін «KazakhExport» СК «АҚ-ы ұсынатын шикізаттық емес экспортты дамытудың өзекті құралдары түсіндірілді және жүзеге асырылған жобалардан мысалдар келтірілді. Өз кезегінде, қатысушылар семинар тақырыбы бойынша сауалдарын қойып, өзге елдердегі серіктестерімен экспорттық ынтымақтастықтары саласындағы қазіргі ағымдар туралы пікірлерін айтты. Сондай-ақ жазылған қаржылық және сақтандыру құралдарының жұмысқа қабілеттігіне жағымды бағаларын берді.

Жалпы, семинарға 35 кәсіпорын мен екінші деңгейлі 14 банктің уәкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар құрамын қызметі әртүрлі, оның ішгінде құрылыс және құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы, тоқыма өнеркәсібі, таукен құралдары сияқты саладағы компаниялар құрады.

Бұдан бөлек, «KazakhExport» СК» АҚ қызметкерлерімен Қарағанды облысының іскерлік қоғамдастығымен кездесулер өткізілді. Оның ішінде 3 кәсіпорын және Қарағанды мен Теміртау қалаларындағы 2 банк филиалы жетекшілері болды.