Анонс! Тазартылмаған күнбағыс майы қалай жасалады? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Анонс! Тазартылмаған күнбағыс майы қалай жасалады?

Qazaq Astyq Group – Семей қаласында орналасқан заманауи, толық автоматтандырылған өсімдік майын өндіретін зауыт. 30 гектар аумақта орналасқан зауыттың өзіндік заманауи зертханасы бар.

Күнбағыс майын жасау процессі шикізаттың сапасын тексеруден басталады. Сапа деңгейіне сәйкес дәнектер белгілі ылғылдық деңгейге жету үшін бумен өңделеді. Әрі қарай негізгі өңдеу басталады: тазалау, ұсақтау, қуыру, ұсақтау, үгіту арқылы май шығару.

Барлық дайын өнім экспортқа шығады. Ал «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы кәсіпорынға экспорттық циклдің әр кезеңінде көмек көрсетіп, қолдау көрсетіп, кәсіпорынды несиені сақтандырумен қамтамасыз етіп көмектеседі.

«Хабар 24» телеарнасынан «Made in Kz» бағдарламасын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18:40 және 22:40 уақытында көріңіз.