Анонс! Қостанай облысында құс еті қалай өндіріледі? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Анонс! Қостанай облысында құс еті қалай өндіріледі?

«Poultry-Agro» ЖШС – Қостанай облысы Қарабалық ауданында орналасқан заманауи құс фабрикасы.  Кәсіпорын қысқа мерзім ішінде «Коко» сауда белгісімен 2,5 мың тоннаға жуық бройлер тауықтарын сатып үлгерді. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 6 мың тонна өнімді құрайды, бірте-бірте толық қуаттылығы жылына 12,5 мың тоннаға жетеді.

Заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған кәсіпорын қазақстандық қана емес, шетелдік тұтынушылардың да сұранысын қанағаттандырады.

Құс етін Ресейге жеткізуде «Poultry-Agro» ЖШС-не «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

«Хабар 24» телеарнасынан «Made in Kz» бағдарламасын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14:30, 18:40 және 22:40 уақытында көріңіз.