Жоғарғы деңгейде танылу | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Жоғарғы деңгейде танылу

15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасі күні «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен «KazakhExport» ЭСК» АҚ қазынашылық департаментінің директоры Алмат Мұхажанов марапатталды.

Марапатты әріптесімізге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов табыс етті. Алмат Мұхажанов қаржы саласында 14 жылдан астам еңбек етіп келеді, оның 8 жылы - Холдинг құрылымында, 4 жылы - «KazakhExport» ЭСК» АҚ компаниясында. Осы уақыт ішінде ол өзін жоғары кәсіби маман ретінде көрсетті, әріптестерінің құрметіне ие!

Естеріңізге сала кетейік, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен Қазақстанның қаржы органдарында кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген қаржы жүйесінің қызметкерлері «лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбек қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін» марапатталады.

Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!