Экспорттық-кредиттік агенттіктің (ЭКА) қатысуымен жасалған 2016 жылдағы сауданы қаржыландыру бойынша ең үздік мәміле | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Экспорттық-кредиттік агенттіктің (ЭКА) қатысуымен жасалған 2016 жылдағы сауданы қаржыландыру бойынша ең үздік мәміле

2017 жылғы 25 қаңтар, Алматы. Сбербанк Халықаралық тобының Братиславада өткен жиынында Сбербанктік Қазақстандағы еншілес банкі мен «KazakhExport» компаниясының алғашқы бірлескен жобасы Сбербанк тобының 21 банкі арасында Экспорттық-кредиттік агенттіктің (ЭКА) қатысуымен жасалған 2016 жылдағы сауданы қаржыландыру бойынша ең үздік мәміле болып танылды.

2016 жылдың ортасында «Сбербанк» АҚ ЕБ мен «KazakhExport» АҚ ЭКА экспорттаушыларды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бағдарлама шеңберінде «Сбербанк» АҚ ЕБ «KazakhExport» АҚ ЭКА ресурстары есебінен «Фирма «Арасан» ЖШС-не экспорт алдындағы қаржыландыру ұсынды. Қаржылық қолдау клиентке Ресейдің бірқатар өңірлеріне тауарларды экспорттау үшін өндірістік қуаттарын арттыруға септігін тигізді. Сонымен қатар «Фирма «Арасан» компаниясы өткізу нарықтарын кеңейту және экспорт көлемін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

Экспорт алдындағы қаржыландыру бағдарламасы қазақстандық өндірушілерге- экспорттаушыларға тауарларды өндіру және экспорттау үшін қолайлы шарттарда айналым қаражатын алуға, сондай-ақ экспорттық келісімшарт бойынша төлемнің мерзімін ұзартуды сақтандыруға мүмкіндік береді.

chat Кеңес ал!