Бақыт Сұлтанов салалық қауымдастықтардың өкілдерімен бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылайды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Бақыт Сұлтанов салалық қауымдастықтардың өкілдерімен бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылайды

Ағымдағы жылғы 19 қарашада, сағат 11:00 - 12:00, Сауда және интеграция министрлігі бейіндік үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерін Бақыт Сұлтановпен онлайн кездесуге шақырады.

Кездесу барысында техникалық реттеу және метрология, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында ҮЕҰ-мен әріптестіктің нәтижелері мен ынтымақтастықтың одан әрі перспективаларын талқылау жоспарлануда.

Іс-шара «Қоғам мен мемлекеттің орнықты дамуы жолындағы серіктестікке 30 жыл» тақырыбына арналған Қазақстанның Х Азаматтық форумы аясында өтеді.

Бейіндік ҮЕҰ өкілдері жоғарыда көрсетілген кездесуге қатысу үшін тіркеуден өтуі қажет. Ол үшін өз деректеріңізді (толық аты-жөні, ҮЕҰ атауы, ұялы телефон, WhatsApp нөмірі) ағымдағы жылғы 18 қарашаға дейін almukhanova9@gmail.com электрондық поштаға жіберу керек.

Тіркеуден өткендер іс-шараға қатысу үшін ZOOM-ға сілтеме алады.

Іс-шара YouTube-арнасында және Қазақстанның Азаматтық форумының Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Онлайн-трансляцияға сілтемелер: https://fb.me/e/1sbVoP6Fa

Қосымша ақпаратты +7-701-701-01-34,  +7 (7172) 74-98-94 телефоны арқылы алуға болады.