Анонс! Болат арқандарды қалай жасайды?
Хабар24 телеарнасындағы «Made in KZ» жаңа санында болат арқандар, өзектер мен сымдар - бүгінде барлық салаларда қолданылып жүрген алмастырылмйтын металл бұйымдары туралы. Қазақстанда олар Қарағанды қаласындағы «Kaz-metiz» зауытында шығарылады.
2008 жылы ашылған «Kaz-metiz» металл бұйымдарын шығаратын зауыт Қытай мен Италияның жабдықтарымен жабдықталған. Өндірістік қуаттылығы – айына 3 мың тонна өнім. Зауыт ашылғаннан бері 300 мың тоннадан астам өнім өндірілді.
Өндіріс процесі келесі кезеңдерден тұрады: шикізатты қабылдау, патенттеу желісі, термо және химиялық өңдеу, бура ванналары, кептіру, орауыштарға орау, тарту және бұрау. Дайын арқан дереу майланып, орауыштарға оралады.
«Kaz-metiz» өз өнімінің едәуір бөлігін экспортқа жібереді. Өзбекстанмен қауіпсіз сауда қарым-қатынастарын құруда «Kaz-metiz»-ке «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.
Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14.30, 18.40 және 22.40-та «Хабар 24» телеарнасында «Made in Kz» бағдарламасын көріңіз.