Анонс! Қазақстанда химиялық өнімдер қалай жасалады? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Анонс! Қазақстанда химиялық өнімдер қалай жасалады?

Хабар24 телеарнасындағы «Made in KZ» жаңа санында Теміртауда ферроқорытпа мен кальций карбидін өндіру мен сату қалай ұйымдастырылатыны туралы.

«Теміртау электрометаллургиялық зауыты» АҚ құрылымына химия, металлургия және тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындары кіреді. Теміртау қаласының 75 жылдық тарихында кәсіпорын қала құраушы кәсіпорындарының біріне айналды.

Мұндағы өндіріс бір минутқа да тоқтамайды. Теміртау электрометаллургиялық зауытына өндірістің ұлғаюына және сыртқы нарыққа шығуына «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14.30, 18.40 және 22.40-та «Хабар 24» телеарнасында «Made in Kz» бағдарламасын көріңіз.