ПВХ профильдерін Қазақстанда дайындау процессі | Made in KZ | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

ПВХ профильдерін Қазақстанда дайындау процессі | Made in KZ

Хабар24 телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті санында ПВХ профильдері Алматы маңында қалай өндіріліп, экспортталатыны туралы.

Алматыда орналасқан Novus Polymer зауыты терезе мен есік жүйелеріне арналған пластикалық профильдер шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі зауыт. Шикізат (ПВХ боры, ұнтақталған мәрмәр, тұрақтандырғыш, титан диоксиді қоспасы) Германиядан, Түркиядан және Қытайдан әкелінеді, содан кейін мұқият өңдеуден және күрделі өндірістік кезеңдерден (қыздыру, қысым және т.б.) кейін түпкілікті өнім алынады.

Зауыттың өндірістік қуаты - жылына 20 мың тонна дайын өнім. Олардың 30 пайызы шетелге кетеді. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/504286-proizvodstvo-pvkh-profilya-made-in-kz