Анонс! Алматыда жеміс пен жаңғақ батончиктері қалай жасалады? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Анонс! Алматыда жеміс пен жаңғақ батончиктері қалай жасалады?

Хабар24 арнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының жаңа санында BIO elite және BE OK сауда белгілерімен 100% табиғи жемістер мен жаңғақтардан жасалатын батончиктер қалай өндірілетіні туралы.

BioElite снэктердің кең ассортиментін ұсынады бұл 15 өнім. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекше дәмі бар. Өндіріс үшін тек табиғи шикізат қолданылады. Өндіріс процессі бірнеше кезеңнен тұрады: кептіру, бөлу, ұнтақтау, илеу, қалыптау және қайтадан кептіру, содан соң буып-түю. Зауыт күніне 20 мың батончик шығарады.

BioElite батончиктері тек қазақстандықтарға ғана емес, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғындарына да таныс. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен, сағат , 18:40 және 22:40 «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті санында.