Аккумуляторлар өндірісі | Made in KZ | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Аккумуляторлар өндірісі | Made in KZ

Хабар24 арнасының «Made in KZ» бағдарламасының жаңа санында Талдықорған қаласында аккумуляторлар қалай жасалатыны туралы.

1975 жылы бірінші аккумулятор шығарылғаннан бері «Қайнар - АКБ» өнімділігі жылына 3 миллион аккумуляторға дейін өсті. Аккумуляторларды өндіру барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, заманауи қондырғыларда жүзеге асырылады. Бұл өнімнің сапасына айтарлықтай әсер етіп, қуаттылықты арттырып, шикізат пен материалдардың жаратуын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Қайнар - АКБ» жеңіл және жүк көліктеріне арналған аккумуляторларды, семафор, сонымен қатар тепловоз мен танк аккумуляторларын шығарады. Барлық компоненттер бір зауытта шығарылғандықтан, батареялардың бағасы қолжетімді. Бұл өз кезегінде бәсекелестіктегі артықшылық.

«Қайнар - АКБ» компаниясы өнімдерінің негізгі нарықтары ТМД елдері мен шет елдерде: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері болып табылады. Экспортқа шығуға «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/500123-proizvodstvo-akkumulyatorov-made-in-kz

chat Кеңес ал!