Анонс! Отандық аккумуляторлар қалай жасалады? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Анонс! Отандық аккумуляторлар қалай жасалады?

Хабар 24 арнасындағы елде жалғыз аккумулятор өндіруші - «Қайнар АКБ» қызметі туралы «Made in KZ» бағдарламасының жаңа шығарылымында. Талдықорған зауыты жылына 3 миллион аккумулятор шығарады.

Зауыттың ауданы 22 гектар - ол жерде 10-нан астам цех бар. Аккумуляторлардың барлық компоненттері зауытта шығарылады - бөлшектерден бастап аккумуляторлардың өздерін жинауға дейін. Қайнар АКБ жеңіл және жүк көліктеріне арналған аккумуляторларды, семафорлы, сонымен қатар дизельдік және резервуарлық аккумуляторлар шығарады. Өнімдердің сапасы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес келіп, олардың тиімділігі жоғары.

Компания өнімдерін 14 елге сатады, оның ішінде Беларусь, Өзбекстан, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен, сағат 14:30, 18:40 және 22:40 «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті санында.