Анонс! Алюминий профильдерін өндірісіндегі жоғары технологиялар? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Анонс! Алюминий профильдерін өндірісіндегі жоғары технологиялар?

Хабар24 телеарнасындағы «Made in KZ» жаңа санында Қазақстанда құрылыс саласында қажетті және маңызды өнім - алюминий профильдері қалай шығарылатыны туралы. Aluminium of Kazakhstan - Hoffman тауар белгісінің алюминий профильдерін экструзиялауға маманданған республикадағы жетекші кәсіпорын.

Алматыда 14 мың шаршы метрде орналасқан кәсіпорында жеті цех жұмыс істейді - құю, пресс, бетті дайындау, бояу, анодтау, аспаптық және орау. Кәсіпорын шикізатты, яғни алюминий құймаларын "Қазақстан электролиз зауытынан" сатып алады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 12000 тоннаны құрайды. Сонымен қатар, дайын өнімнің 35 пайызы шетелге жіберіледі. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі. Шетелдегі негізгі клиенттердің арасында алюминий конструкциялары бойынша әлемдік көшбасшы болып табылатын немістің Schüco компаниясы бар.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен, сағат 14:30, 18:40 және 22:40 «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті санында.

chat Кеңес ал!