Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат! | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат!

2021 жылғы 17 қыркүйекте сағат 12.00-де (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша) Сіздерді ZOOM платформасында «Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Онлайн-семинарды ұйымдастырушы: «ЭСК «KazakhExport» АҚ.

Бірлескен ұйымдастырушылар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ.

Семинардан Сіз өзіңізге келесі мәліметтерді аласыз:

  1. Қолданыстағы жеңілдікті қаржыландырудың барлық бағдарламалары туралы (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру).
  2. Егер банктерде кредит беру кезінде кепілзат жетпесе, не істеу керек?
  3. Шетелдік нарықтарға шығу кезінде тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
  4. Шетелде сатып алушыны қалай табуға болады/ең аз тәуекелдермен келісімшарт жасау / шетелде жарнама мен қоймаларды жалға алу үшін қаражаттың бір бөлігін қайтару/ өз өнімдеріңізді сертификаттау / тегін кеңес алу және тағы басқалар.

Қатысу тегін! ⠀

Онлайн-семинарға тіркелу үшін, сондай-ақ сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефондарға хабарласыңыз:

+ 7 701 710 97 53 Анара Кабдугалиева;
+ 7 701 742 31 42 Айнур Анесова.