Анонс! Инновациялық технологияларды қолданып, алма қалай өсіріледі? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Анонс! Инновациялық технологияларды қолданып, алма қалай өсіріледі?

«ARNAU AGRO» ЖШС - Алматы облысындағы 80 гектар инновациялық бақ, онда 300 мыңнан астам түрлі сортты алма ағаштары отырғызылған. Компания жоғары өнім алу үшін озық заманауи технологияларды қолдана отырып, көшеттерді Нидерланды мен Италияда сатып алады. Суды үнемдеу және өнімділікті арттыру үшін «ARNAU AGRO» тамшылатып суару жүйесін қолданады. Жеміс ағаштарын күтуден басқа, ағаштардың үстіне созылған тордың көмегімен оларды қорғау да ұйымдастырылған.

Тамыздың басынан қазанға дейін - егін жинау кезеңі. Жоғарғы жемістер комбайнмен, ал төменгісі қолмен жиналады. Кәсіпорын жиналған өнімнің 60% дейін Ресейге экспорттауды көздеп отыр. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен, сағат 14.30, 18.40 және 22.40 «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті санында.