"Иранмен бизнес жүргізу" бірінші сауда-экономикалық конференциясы | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

"Иранмен бизнес жүргізу" бірінші сауда-экономикалық конференциясы

2017 жылғы 1 наурызда Алматы қаласында AlmatyManagementUnivercity (AlmaU) ғимаратында Zoodel (www.zoodel.com) он-лайн B2B сауда алаңымен бірлесе, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігімен ұйымдастырылған "Иранмен бизнес жүргізу" бірінші сауда-экономикалық конференциясы өтті.

«KazakhExport» СК» АҚ (бұдан әрі – КЭГ) Басқарушы директоры Руслан Тюлегенов өзінің сөзінде шикізаттық емес экспортты қолдау ұлттық институты ретіндегі КЭГ қызметі туралы баяндап, Қазақстанның экспортқа бағдарланған кәсіпорындарын қолдаудың негізгі құралдарын ұсынды. 

Конференцияға Иран делегациясы тарапынан мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, соның ішінде Иран Ислам Республикасының Ұлттық Банкінің, Иран-Қазақстан іскерлік кеңесінің, Иран мемлекеттік экспорт-кредит агенттігінің өкілдері қатысты. 

Қазақстан тарапынан Инвестициялар және даму министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ұлттық Банкінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Продкомпания» ҰК» АҚ, бизнес-қоғамдастық пен салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.