Алюминий пішіні қалай өндіріледі? | Made in KZ | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Алюминий пішіні қалай өндіріледі? | Made in KZ

«Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының жаңа шығарылымында Alugal отандық кәсіпорнында құрылыс секторына арналған алюминий бұйымдарын қалай жасайтыны туралы айтылды. Alugal зауыты - құрылыс мақсатындағы алюминий пішіні нарығындағы алғашқы қазақстандық компаниялардың  бірі. Өндіріс кезінде шетелдік жабдықтар пайдаланылады, мұнда итальян және түрік техникаларын кездестіруге болады.

Алюминийден жасалған өнімдерді өндіру - өте күрделі және еңбекті көп қажет ететін, сондай-ақ шығынды процесс. Процесс құюдан басталып, бояумен аяқталады. Негізгі материал - алюминийден жасалған құйма, оны өндіріске тікелей Павлодардан әкелінеді. Мұнда жылына 5 мың тонна дайын өнім өндіріледі.

Өнімнің 20%-ға жуығы экспортталады. Ал кәсіпорынға экспортқа шығуға «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы, ҚР Сауда және интеграция министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйым - «KazakhExport» ұлттық компаниясы көмектеседі.

https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/494966-proizvodstvo-alyuminievogo-profilya-made-in-kz