Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат! | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат!

2021 жылдың 26 тамызында Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11.00-де  сіздерді ZOOM платформасы арқылы «Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Онлайн-семинарды ұйымдастырушы: «KazakhExport» ЭСК» АҚ.

Бірге ұйымдастырушылар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ.

Семинарда сіздер:

  1. Жеңілдікпен қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары туралы (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру).
  2. Банктерде кредит алу кезінде өз кепілі жетіспесе, не істеу керектігін.
  3. Шетелдік нарыққа шығу кезіндегі тәуекелдерді қалай азайтуға болатынын
  4. Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелмен келісімшарт жасасуға/шетелдегі қоймаларды жарнамалау және жалға алу үшін қаражаттың бір бөлігін қайтаруға/өз өніміңізді қалай сертификаттауға/тегін кеңес алуға болатынын және тағы басқаларын білесіздер.

Қатысу тегін! ⠀

Онлайн-семинарға тіркелу үшін, сондай-ақ сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыз:

+ 7 701 710 9753 - Анара Кабдугалиева;
+7 707 555 27 22 - Еркен Еркенбай.