Moody’s «KazakhExport» ЭСК» АҚ рейтингін Baa2 дейін көтерді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Moody’s «KazakhExport» ЭСК» АҚ рейтингін Baa2 дейін көтерді

Эмитент бойынша болжамын «тұрақты» деңгейінде белгіленді.

2021 жылғы 18 тамызда Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның сақтандыру қаржылық тұрақтылығының рейтингін «Baa3»-дан «Baa2»-ға дейін көтерді және Егемен рейтингке сәйкес эмитенттің болжамын «оң»-нан «тұрақты»-ға өзгертті.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы мемлекетпен берік институционалдық және қаржылық өзара байланысын көрсетеді. «KazakhExport» ЭСК» АҚ жарғылық капиталын ұдайы ұлғайту және сақтандыру портфелінің едәуір бөлігі бойынша мемлекеттік кепілдік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді және өңдеуші өнеркәсіптің отандық экспорттаушылары алдындағы сақтандыру міндеттемелерін орындау үшін қамтамасыз ету болып табылады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ қызметін талдай отырып, сарапшылар оның экспорттық-кредиттік агенттік функцияларын орындай және қазақстандық экспорттаушыларды қолдау құралдарын дамыта отырып, капиталданудың тұрақты жоғары деңгейін, активтердің сапасын, жақсы қаржылық икемділігін, андеррайтинг стандарттарының тиімді ілгерілеуін көрсете отырып, Қоғам іс жүзінде ҚР Үкіметінің Ұлттық экспорттық стратегиясының негізгі операторы болып табылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, аталған рейтингтік әрекет үстіміздегі жылдың 17 тамызында Егемен рейтингтерді көтергеннен кейін «KazakhExport» ЭСК» АҚ бас компаниясы – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингін «Baa3»-тен «Baa2»-ге дейін көтеруден және эмитенттің қысқа мерзімді рейтингін «P-3»-тен «P-2»-ге көтеруден кейін болды.

https://forbes.kz//finances/finance/moodys_povyisilo_reyting_kazakhexport_do_baa2_ustanoviv_prognoz_po_emitentu_na_urovne_stabilnyiy/