Анонс! Нұр-Сұлтанда сүзбе қалай өндіріледі? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Анонс! Нұр-Сұлтанда сүзбе қалай өндіріледі?

«Столичный» - Нұр-Сұлтанда орналасқан жалғыз сүт зауыты. Дәл осы жерде, заманауи жабдықта сүт өнімдерін шығарады. Атап айтқанда: сүзбе мен құрт.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты - айына 350 тонна дайын өнім. Бұл зауыт 1998 жылдан бастап сүт пен сүт өнімдерін шығаратын Агропродукт Холдингінің құрамына кіреді. Өнімдер «Наше», «Любимое», «Мумуня», «Одари» және «Coppa Italia» брендтерімен шығарылады.

Агропродукттың сүт өнімдері қазақстандық дүкендеріне ғана емес, Ресей мен Өзбекстанға экспортқа жіберіледі. Бұған KazakhExport -  @baiterekgovkz «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен, сағат 14:30, 18:50 және 22:50 «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті санында.