Анонс! Бүгін Ақтөбе қаласындағы ұн мен макарон өнімдерін қалай өндірілетінін айтып, көрсетеміз | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Анонс! Бүгін Ақтөбе қаласындағы ұн мен макарон өнімдерін қалай өндірілетінін айтып, көрсетеміз

30 жыл бұрын элеватор негізінде құрылған Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты - бұл заманауи және озық технологияларды қолданатын жоғары технологиялық зауыт. Бір минутқа да тоқтамайтын комбинат күніне 500 тонна ұн шығарады, ал сағатына шамамен 1 тонна макарон дайындайды.


Өнімнің негізгі саны Қазақстан супермаркеттерінің сөрелеріне «Granum» сауда белгісімен түседі. Тауардың 10-нан 20%-ға дейін экспортталады. Бұл жағдайда Жаңа-Әлжан диірмен комбинатына KazakhExport - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Сауда және интеграция министрлігіне бағынышты ұйым көмектеседі. Қауіпсіз сатудың белгіленген жүйесінің арқасында компания өз өнімдерін Өзбекстан, Ауғанстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай мен Моңғолияға экспорттайды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен, сағат 14:30, 18:50 және 22:50 «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті санында.