«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ экспортшыларға қолдау көрсету үшін бірыңғай терезе ашты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ экспортшыларға қолдау көрсету үшін бірыңғай терезе ашты

«KazakhExport» ЭСК АҚ, 16 наурыз.  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқармасы өзінің «KazakhExport» Экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ еншілес ұйымын «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «KazakhExport») АҚ-на өзгерту туралы шешім қабылдады.

Холдингтің шешімі «KazakhExport» АҚ-ын әрекет ететін ұлттық компаниялардың ресми тізіміне қосу туралы ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді.

«KazakhExport» компаниясы елдің шикізаттық емес экспортын ілгерілету және сервистік қолдау көрсету бойынша бірыңғай орталық ретінде жұмыс істейді.

«KazakhExport» компаниясының негізгі міндеттері қатарында экспорттық кредиттерді сақтандыру, экспорт алды және экспорттық сауданы қаржыландыру, сондай-ақ қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруды атауға болады.

 «KazakhExport» компаниясына «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігінің бұрын жүзеге асырып келген сервистік және қаржылық емес қолдау көрсету бойынша қызметін табыстау жоспарлануда.

Екі жыл ішінде «KazakhExport» 100 млн. долларға қосымша капиталдандырылады.

Сонымен қатар, компанияны түрлендірудің кейінгі кезеңдері аясында, мақсатты экспорт елдерінде «KazakhExport» компаниясының бірнеше шетелдік өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның негізгі міндеті отандық өнім экспортын одан әрі дамыту және Қазақстанның жалпы экспорттық әлеуетін арттыру болмақ. 

Анықтама ретінде:

«KazakhExport» ЭСК АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 наурыздағы №112 Қаулысына сәйкес ұлттық компаниялар тізіміне енгізілді.