«Arua» бренді: текстиль өндірісі | Made in KZ | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Arua» бренді: текстиль өндірісі | Made in KZ

«АГФ групп» компаниясы - Қазақстандағы үй тоқымасының ірі өндірушісі болып табылады. Тігін фабрикасы Шымкент қаласының «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан және 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде мұнда күніне 10 000 түрлі заттар шығарылады.

Премиум – класстағы төсек-орын жабдықтары, сүлгілер, үй халаттары – бұл сегменттегі бәсекелестік пен сұраныс өте жоғары. Сонымен бірге, отандық өндіруші тауарлардың сапасы мен қазақстандық тұтынушылардың кең ассортиментіне ғана ие бола отырып, сыртқы нарықтарға да сәтті экспортталады.

Сіз IKEA танымал брендінің серіктесі «АГФ групп» өнімдерінің желісі туралы «KazakhExport» компаниясының («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) жәрдемдесуімен түсірілген «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті шығарылымынан біле аласыз.

https://24.kz/kz/telepoject/made-in-kz/item/490983-aura-brendi-tekstil-ndirisi-made-in-kz