Полипропилен орамасын өндіру | Made in KZ | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Полипропилен орамасын өндіру | Made in KZ

Сусымалы жүкті қалай сенімді ауыстыруға болады және оны неде сақтауға болады? Бұл ретте қоршаған ортаға зиян келтірмей өнім сапасын қалай сақтап қалуға болады? Жауап - жұмсақ контейнерлер - биг-бэгтер.

Биг-бэгтер немесе жұмсақ контейнерлер - бұл жүк көтергіштігі 300-ден 3000 кг дейінгі полипропилен матадан жасалған ыдыс. Мұндай ыдысты Көкшетауда «Асыл Арман» ЖШС кәсіпорнында (Новопэк еншілес компаниясы) әлемдік орау индустриясының соңғы үрдістеріне сәйкес жаңа жабдықтармен дайындайды.

Дайын өнімді «Асыл Арман» ЖШС Украина, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Арменияға ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясына қолдауымен экспорттайды.

Биг-бегтің артықшылықтары неде, оларды қайда қолданады және неден өндіреді? Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті шығарылымында: https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/485205-proizvodstvo-polipropilenovoj-upakovki-made-in-kz.