Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат! | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат!

2021 жылдың 17 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11.00-де сіздерді ZOOM платформасы арқылы «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Іс-шараны ұйымдастырушы: «KazakhExport» ЭСК» АҚ,

Бірге ұйымдастырушылар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ.

Семинарда сіздер:

  1. Жеңілдікпен қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары туралы (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру - АҚТ, қайта қаржыландыру).
  2. Банктерде кредит алу кезінде өз кепілі жетіспесе, не істеу керектігін.
  3. Шетелдік нарыққа шығу кезіндегі тәуекелдерді қалай азайтуға болатынын.
  4. Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелмен келісімшарт жасасуға/шетелдегі қоймаларды жарнамалау және жалға алу үшін қаражаттың бір бөлігін қайтаруға/өз өніміңізді қалай сертификаттауға/тегін кеңес алуға болатынын және тағы басқаларын білесіздер.

Қатысу тегін! ⠀

Онлайн-семинарға тіркелу үшін, сондай-ақ сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыз:

+7-701-773-92-65 - Анара Кабдугалиева;
+7-702-901-29-01 - Ерлан Букенбаев.