«Бәйтерек» ҰБК АҚ Басқармасы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы АҚ-на ауыстыру туралы шешім қабылдады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» ҰБК АҚ Басқармасы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы АҚ-на ауыстыру туралы шешім қабылдады

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Акционерлік қоғамы Басқармасының күндізгі отырысының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 09/17 хаттамасымен «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының («KazakhExport» СК АҚ) атауын «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына («KazakhExport» ЭСК АҚ) өзгерту туралы шешім қабылданды.

Осыған орай, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгертулер енгізілген, олар 2017 жылғы 30 наурызда Алматы қаласының Әділет департаментінің Медеу ауданы Әділет Басқармасында тіркелген.