Отандық экспортты мемлекеттік қолдау | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Отандық экспортты мемлекеттік қолдау

Қазақстандық экспортты мемлекеттік қолдау мен ілгерілетудің қандай шаралары бар? Өнімді өндіру мен шығаруды қалай ұлғайтуға, сыртқы нарыққа өз тауарымен шығуға және әлеуетті тәуекелдерді сақтандыруға болады - мамандандырылған қазақстандық экспорттық сақтандыру компаниясының өкілімен сұхбатта.

Агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнімін экспорттау - Қазақстан экономикасының басым міндеттерінің бірі. Қазақстандық экспортты қолдаумен және сыртқы нарықтарда ілгерілетумен KazakhExport мамандандырылған сақтандыру ұйымы айналысады. Компания өңдеуші сектордың отандық экспорттаушы кәсіпорындарына сыртқы сауда операциялары кезінде төлемеу тәуекелінен сақтандыру қорғанысын ұсынады және экспорттық мәмілелердің қауіпсіздігіне кепілдік береді. 

Мемлекеттік қолдаудың негізгі міндеті экспорттаушыға экспорттық циклдің әрбір кезеңінде көмек көрсету болып табылады. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ экспорттаушыға уақтылы, кешенді қолдау көрсетеді: шетелдік сатып алушыға тегін баға береді және шетелдік контрагент тарапынан төлемеу тәуекелдерін сақтандыруды қамтамасыз етеді, экспорттаушының кепілі жетіспеген жағдайда айналым капиталын толықтыруға банктерден қаржы алуға көмектеседі.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді. Компанияның миссиясы - экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның пайымы - 2023 жылға қарай Орталық Азия өңірінде және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатын іске асырудағы негізгі даму институты болу.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Сақтандыру департаментінің директоры Қуаныш Мұқажановтың айтуынша, қайта өңдеуді қамтитын барлық бағыттар компания үшін, оның ішінде АӨК саласында да жоғары басымдыққа ие. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша KazakhExport қолдау көрсеткен АӨК және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесі 37% немесе 48 кәсіпорынды (оның ішінде 19 жаңа) құрады, қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 49 млрд теңгеге жетті.

- Қуаныш Амангелдіұлы, АӨК өнімдерінің қандай түрлерін өндіру мен экспорттауды сіздің компания қолдайды?

- Біріншіден, біздің қолдауымыз қайта өңдеу өнімдерін экспорттауға бағытталған, мысалы, ұн, құрама жем, май және майлы өнімдерді қайта өңдеу туындылары, ет және т.б. Екіншіден, біз өнімдері тұтыну үшін қайта өңдеуді қажет етпейтін АӨК субъектілерін қолдауға дайынбыз. Мысалы, көкөністер мен жемістер жылыжайлар мен бақтардан бірден калибрлеуден өтіп, буып-түйіліп, ресейлік сауда желілеріне сөрелерге жіберілуі мүмкін. Біздің картоп Өзбекстанда сұранысқа ие және біз де осындай экспорттаушы аграршыларды қолдауға дайынбыз. Қолдау нысандарын таңдау кезінде біз Экспорттаушыларды қолдау саясатын басшылыққа аламыз, онда KazakhExport кімге қолдау көрсетуі керектігі нақты көрсетілген.

- Сіздер қайта өңделген өнім өндірушілерге қандай талаптар қойып отырсыздар?

- Бізде компанияның мөлшері немесе меншік нысаны бойынша шектеу жоқ. Біздің негізгі тілегіміз, өндіруші қандай да бір шетелдік нарықта өзінің артықшылықтарын білуі, қандай экспорттық стратегияны ұстануы керектігін және өзінің шетелдік сатып алушыларын іздеуде белсенділік танытқанын білдіруі.

Әрине, әлеуетті экспорттаушы Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің, оның ішінде қоршаған ортаны немесе денсаулықты қорғауға, халықтың құқықтарын қорғауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Алғашқы кеңес алу үшін бізбен телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарласуға болады. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін біздің www.kazakhexport.kz корпоративтік интернет-ресурсымызда «Қоңырауға тапсырыс беру» қызметі қарастырылған, онда әлеуетті экспорттаушы өз деректерін енгізіп, өз өңірін таңдай алады. Біздің өңірлік менеджерлер жедел жауап береді, алдын ала әңгімелесу барысында әріптестікті бастау үшін тәсілдер, шарттар, мүмкіндіктер мен талаптар айтылады.

- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші сіздің компаниямен ынтымақтастықта жалпы қандай мүмкіндіктерге ие бола алады?

- Біз экспорттық қызмет кезінде туындайтын қаржылық тәуекелдерді қабылдаудан көрінетін қаржылық қолдауды ұсынамыз. Бұл экспорттаушыларға үлкен мүмкіндіктер береді және олардың өнімдерін шетелде әлеуетті сатып алушылар аясын кеңейтеді. Мысалы, мұндай қолдаусыз өндіруші оның өнімін алдын ала төлеу бойынша ғана сатып алуға қабілетті әлеуетті сатып алушылардың аз санына ғана бағдарланады. Біздің қолдауымызбен ол:

  • Тауарды төлеуді кейінге қалдыра отырып, тауар сатып алғысы келетіндерге де ұсына алады, яғни сатып алушылар саны бірнеше есеге өседі;
  • Өзінің айналым капиталын ұлғайта алады;
  • Дебиторлық берешектен құтыла алады;
  • Валюталық тәуекелдерді болдырмайды;
  • Сатып алушыдан аванс ала алады;
  • Және тағы да басқалары.

- Экспорттаушыға қандай қолдау шараларын көрсетесіздер?

- Біздің арсеналда 17 сақтандыру өнімдері бар, олармен біздің www.kazakhexport.kz корпоративтік веб-сайтымызда да жан-жақты танысуға болады. Коммерциялық және саяси тәуекелдерден сақтандыру жүзеге асырылады, бұл ретте Сіздердің назарларыңызды KazakhExport тауар/қызмет үшін жауапкершілікті сақтандырмайтынына аударамыз.

KazakhExport экспорттық кредиттерді сақтандыру саласындағы үздік әлемдік практикаларға сәйкес әзірленген, сондай-ақ әлеуетті және қолданыстағы клиенттің қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетін ұлттық экспортты қолдаудың сақтандыру құралдарын ұсынады.

Қолда бар негізгі өнімдер клиенттің түріне сәйкес үш түрге: экспорттаушылар, қаржы институттары және инвесторлар үшін топтастырылады.

KazakhExport өнімдері экспорттаушыға:

 Экспортты қолдау шаралары

Сақтандыру өнімдері/құралдары

Шетелдік сатып алушының сенімділігін тегін тексеру. Шетелдік сатып алушы тарапынан төлемеу тәуекелін сақтандыру

-      Экспорттық кредиттерді сақтандыру

-      Қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сақтандыру

-      Шетелдік банк берген банктік кепілдіктерді сақтандыру

-      Жұмыстарды орындаумен, қызметтерді көрсетумен байланысты Экспорттаушының залалдарын сақтандыру

Экспорттаушының айналым капиталын толықтыру

-    Экспорт алдындағы қаржыландыру

-    Халықаралық факторингті сақтандыру

Қазақстандық тауарларды сатып алу үшін шетелдік сатып алушыны қаржыландыру

-    Экспорттық аккредитивтерді сақтандыру

-    Экспорттық сауданы қаржыландыру

-    Шетелдік контрагентті қаржыландыру кезінде кредиттік ұйымды сақтандыру

Шетелдік сатып алушыдан аванс алу

- Аванстық төлемдерді қайтару бойынша экспорттаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Облигациялар шығару жолымен капитал тарту

- Облигациялар бойынша экспорттаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда банктен қаржы алу

-    Қарыздарды ерікті сақтандыру

-    Жобалық қаржыландыруды ерікті сақтандыру

-    Қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру

Жабдықтарды лизингке сату немесе сатып алу

Тендерге қатысу үшін банктік кепілдік алу

-    Қаржы лизингін ерікті сақтандыру

-    Қаржы ұйымдары алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру

- Қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру

Валюталық тәуекелдерді хеджирлеу

-   Мерзімді валюталық мәмілелер бойынша экспорттаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

-   Қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру

Шетелдік инвестицияларды қауіпсіздендіру

- Инвестицияларды сақтандыру

- Экспорттаушыларға нақты қандай консультациялық қызметтер көрсетесіздер?

- Компания шетелдік контрагенттерді тексеруді тегін жүзеге асырады және экспорттаушыларға сатып алушының сенімділігіне қатысты өз пікірін ұсынады.

- Экспорттаушыларды қаржыландыру қалай, қандай шарттарда жүреді?

- «KazakhExport» компаниясы кәсіпкерлерді тікелей қаржыландырмайды. Экспорт алдындағы қаржыландыруды ұсыну мақсатында біз экспорттаушыларды экспорттық өнім өндіру және экспорттық келісімшарт шеңберінде қызмет көрсету мақсаттарына одан әрі несиелеу үшін ЕДБ-ге шартты салымдар түрінде ақша қаражатын орналастырамыз (айналым қаражатын толықтыру).

ЕДБ-ге салымымызды орналастыру мерзімі 365 күнтізбелік күннен аспайды. Банк кредиті бойынша экспорттаушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 4%-ға ұлғайтылған ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесінің 50%-нан аспауы тиіс. Егер ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі 2021 жылғы 24 мамырда - 9% болса, онда осы мөлшерлеменің жартысы плюс банк маржасының 4%-нан аспайтын мөлшерлемесі экспорттаушы үшін шамамен жылдық 8,5%-ды құрайды.

- Импорттаушы сатып алушыларды Сіздер іздейсіздер ме, әлде оны экспорттаушы өз бетінше іздеуі керек пе?

- Бұл KazakhExport негізгі қызметі емес, алайда отандық өндірушілердің мүддесі үшін біз экспортты ұлғайту мүмкіндігін іздеу мақсатында шетелдік контрагенттермен бизнестік байланыстарды ұйымдастыруға жәрдемдесеміз.

KazakhExport-тың Ташкент (Өзбекстан Республикасы), Душанбе (Тәжікстан Республикасы), Екатеринбург және Новосибирск (Ресей Федерациясы), Бішкек (Қырғыз Республикасы), Қазан (Татарстан) және Сиань (ҚХР) қалаларында шетелдік өкілдердің кеңселері жұмыс істейді.

- Сіздер ауыл шаруашылығы саласындағы ірі және орта бизнесті ғана қолдайсыздар ма әлде шағын кәсіпорындар да қолдау таба ма?

- Қоғам компанияның кәсіпкерлік субъектілеріне (шағын, орта немесе ірі бизнес) тиесілігіне қарамастан, қазақстандық экспорттаушыларды қолдауды жүзеге асырады.

- Табысты жобалар туралы айтып беріңізші.

- Біз қолдаған жобалар Қазақстанның әр өңірінде бар, және, көбінесе, олар шағын және орта бизнес кәсіпорындары. Ынтымақтастықтың кейбір мысалдарын ғана келтірейін.

Қазіргі таңда біз Қостанай облысының Қарабалық ауданында тұрып қалған құс фабрикасын жаңғыртуға қатысып жатырмыз, ол бірінші кезеңде жылына он екі жарым мың тонна бройлер етін өндіретін болады. Сондай-ақ біздің қолдауымызбен биыл экспортқа бағытталған екі ірі май өңдеу зауыты толық көлемде жұмыс істей бастайды, ал біздің қолдауымызды Қазақстанның 16 май өңдеу кәсіпорны пайдаланады.

Өткен жылы ҚХР шекарасы арқылы тауарларды өткізу проблемаларына қарамастан, біздің компания алғаш рет аванстық төлемді сақтандыру құралын іске асырды, оның көмегімен Жамбыл облысынан Қытайдың Шэньси және Хубэй провинцияларына сафлор майын жеткізуді жүзеге асыра алды, бұл ретте қытайлық сатып алушыларға аванстың қайтарылмау тәуекелін KazakhExport толығымен өтеді.

Ұн тарту кәсіпорындары да біздің клиенттеріміз. Мәселен, Қостанай облысында қазақстандық ұнның үштен бір бөлігі өндіріледі. Жергілікті кәсіпорындар шетелдік нарықтарға табысты экспорттауда. Солардың бірі жоғары сұрыпты ұн сатып алатын түрлі елдерден ондаған клиенттермен ынтымақтасатын «Саламат» ЖШС болып табылады. Мемлекет экспорттаушылар KazakhExport арқылы пайдалана алатын қолайлы және шынымен де қажетті бірнеше қолдау құралдарын қарастырды. «Саламат» ЖШС айналым қаражатын толықтыруға несие алып, маусымда шикізат сатып алды, бұл компанияға өнімнің өзіндік құнын азайтуға және Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Ауғанстанның сыртқы нарықтарында бәсекелесуге мүмкіндік берді.

2020 жылы ұн, макарон өнімдері мен жайма өндіретін ақтөбелік Жаңа Әлжан диірмен комбинаты кәсіпорны қолдау тапқан жаңа экспорттаушы болды. Бүгінде дайын өнімнің 85% Қазақстан нарығында қалып отыр. GRANUM брендінің қалған бөлігі Қытай, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ауғанстан елдеріне экспортталады.

122 компаниядан тұратын және түрлі елдерде 76 өкілдігі бар «CG Corp Global» ЖШС ірі халықаралық корпорациясына кіретін «CG FOOD Central Asia» ЖШС 2020 жылы KazakhExport құралдарын алғаш рет пайдаланды. Өзінің өндірістік желісін кеңейту аясында 2019 жылдың желтоқсанында корпорация Түркістан облысында тез дайындалатын кеспе өндіретін зауыт ашты. «CG FOOD Central Asia» ЖШС Ресей Федерациясындағы үш шетелдік сатып алушыға қатысты экспорттық кредиттер бойынша шарттарды сақтандыруды алды. Енді экспорттаушы өз өнімін төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып, шетелдік контрагенттерге тәуекелсіз жөнелте алады, бұл ретте жеткізу көлемін едәуір ұлғайтады.

«Рамазан Агро» ЖШС - 1 млн. АҚШ доллары сомасына шетелдік сатып алушыға аванстық төлемді қайтару бойынша Қоғамның сақтандыру өтемін беруі компанияға аванс алуға, шикізатты тиімді шарттармен сатып алуға және нәтижесінде экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Altyn Shyghys» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы) – «Сей-Нар» өндірістік кешені» ЖШС еншілес компаниясы. «Сей-Нар» компаниялар тобы қызметінің негізгі түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу және сату болып табылады. «Altyn Shyghys» біріздендірілген май-экстракциялық өндіріс құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында құрылды. ЖШС өнімі импортты алмастыру есебінен ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабуға ғана емес, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін дамытуға да бағдарланатын болады. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ компанияға май зауытының құрылысына алынған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кредиттері бойынша қамтамасыз ету ретінде 8 млрд теңгеге сақтандыру қорғауын ұсыну арқылы қолдау көрсетті. Жобаны жүзеге асырудың арқасында 80 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Отандық өндірістің майы Қытай мен Өзбекстанға экспортқа жіберіледі. Май зауытын ашу 2022 жылдың жазына жоспарланған.

- Әңгімеңізге рахмет және компанияңыздың одан әрі табысқа жетуіне тілектеспіз!

Жанна Батабаева
https://agroinfo.kz/gospodderzhka-otechestvennogo-eksporta/