Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың есеп беру үшін халықпен кездесуі 16 маусымда өтеді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың есеп беру үшін халықпен кездесуі 16 маусымда өтеді

Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов Министрлік жұмысының негізгі қорытындылары мен орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлары туралы айтып береді.

Кездесу ZOOM арқылы оnline режимінде өтеді сағат 11.00-де., Министрлік Facebook және YouTube-те тікелей трансляциялау.

Құрметті қазақстандықтар, өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрге келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыздар:

- "Ашық диалог" порталындағы Министрдің блогы (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome);

- Министрліктің ресми сайтында онлайн-қабылдау бөлмесінің "сұрақ-жауап" (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru);

- электрондық мекенжайы: mti_press@mti.gov.kz;

- сондай-ақ Министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына хабарласу арқылы.

Бұл ретте, "Есептік кездесу үшін" деген белгіні қою қажеттігіне  назарларыңызды аударамыз. Бұл сұрақтарға Министр тікелей эфирде жауап береді.

Сұрақтарыңызды өңдеу үшін, әрі олар бойынша сапалы және дұрыс ақпарат даярлау үшін уақыт қажет болуына байланысты сұрақтарыңызды 10 маусымға дейін жіберуді ұсынамыз.

Анықтама үшін телефон: 74-98-94, +7-701-701-01-34.