Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат!
26 мамыр күні Орал қаласының уақытымен сағат 11.00-де сіздерді «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ.
Семинарда сіздер:
- Жеңілдікпен қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары туралы (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру - АҚТ, қайта қаржыландыру).
- Банктерде кредит алу кезінде кепіл жетіспесе, не істеу керектігін
- Шетелдік нарыққа шығу кезіндегі тәуекелдерді қалай азайтуға болатынын.
- Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелмен келісімшарт жасасуға/шетелдегі қоймаларды жарнамалау және жалға алу үшін қаражаттың бір бөлігін қайтаруға/өз өніміңізді қалай сертификаттауға/тегін кеңес алуға болатынын және тағы басқаларын білесіздер.
Қатысу тегін! ⠀
Онлайн-семинарға тіркелу үшін, сондай-ақ сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 701 710 97 53, Анара Кабдугалиева
+7 701 777 98 40, Армана Бекбасова