Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат! | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің назарына! Маңызды ақпарат!

12 мамыр күні сағат 11.00-де сіздерді «Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ.

Семинарда сіздер:

  1. Жеңілдікпен қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары туралы (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру).
  2. Банктерде кредит алу кезінде кепіл жетіспесе, не істеу керектігін
  3. Шетелдік нарыққа шығу кезіндегі тәуекелдерді қалай азайтуға болатынын.
  4. Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелмен келісімшарт жасасуға/шетелдегі қоймаларды жарнамалау және жалға алу үшін қаражаттың бір бөлігін қайтаруға/өз өніміңізді қалай сертификаттауға/тегін кеңес алуға болатынын және тағы басқаларын білесіздер.

⚠️ Қатысу тегін! ⠀