KazakhExport Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтайды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтайды

Құрметті ардагерлер, қазақстандықтар! Сіздерді Жеңіс Күнімен құттықтаймыз. Елімізде сұрапыл соғыс жалыны шарпымаған бір де бір отбасы жоқ. Біз шайқас даласынан оралмаған отандастарымыздың және майдан мен тылда Жеңісті жақындатқандардың ардақты есімін жадымызда мәңгі сақтаймыз. Ардагерлеріміздің ерлігі қазіргі біз үшін және келешек ұрпақ үшін әрқашан табандылықтың, қаһармандықтың және жанқиярлықтың үлгісі болып қала бермек.

Бұл күні біз майдангерлерімізге денсаулық, амандық, ертеңге деген сенім, сергек рух пен таусылмас қуат тілейміз!

Рақмет сіздерге!