Май өңдеу кәсіпорны қосымша өндірісті дамыта алды. Қалай? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Май өңдеу кәсіпорны қосымша өндірісті дамыта алды. Қалай?

«Шымкентмай» АҚ Қазақстан аумағындағы май өндіру саласының ірі өкілдерінің бірі ретінде танымал. Өзінің 80 жылдық тарихында зауыт тонналаған литр өсімдік майын шығарды, бірте-бірте өзінің ассортиментін кеңейтіп, өндірісіне мақта майын қосып, содан кейін майлы дақылдардың басқа түрлерін - күнбағыс, соя, мақсары және рапс майларын шығара бастады. Бұл нарықта Шымкентмай өзінің сенімді тұтынушысын бұрыннан тапқан.

Ал бірнеше жыл бұрын қалдықсыз өндіріс технологиясына көшіп, зауыт кір сабын шығаруды қолға алды, оның негізі майды қайта өңдеу өнімдері, нақтырақ айтсақ - майдың физикалық тазартылған қалдықтарынан алынатын тазартылған май қышқылдары (ТМҚ) болып табылады. Бұл қадам өндіріс кезіндегі қалдықтарды барынша азайта отырып, кәсіпорынның экологиялық тазалығын арттыруға мүмкіндік берді.

«Шымкентмайдың» осы бағытты дамыту бойынша үлкен жоспарлары бар және цех алға қойылған міндеттерді орындауы үшін жабдықты ауыстыру қажеттілігі туындады.

Зауытты жаңғыртуға көп жылдан бері кәсіпорынның іскерлік серіктесі болып табылатын Қазақстан Жинақ банкі көмектесіп келеді. Бірлескен жоба аясында таяу болашақта құны шамамен 1 млн АҚШ долларын құрайтын жобаға банктің қатысуы  90% мөлшерінде болатын ТМҚ өндіру қондырғысын жаңарту жоспарлануда. Жоба банкаралық кредиттеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Жалғыз май ғана емес...

«Шымкентмай» сабын қайнату саласында үлкен өндірістік тәжірибеге ие, жаңа рецептураларды игеріп, енгізуде. Компания тек өсімдік және табиғи шикізаттан ғана экологиялық таза өнім өндіретінін мақтан тұтады. Жасанды ағартқыштар мен синтетикалық хош иістендіргіштердің болмауы мұнда шығарылатын сабынды гипоалергенді өнімге айналдырады, бұл оны тұрмыста және косметология саласында пайдалануды қауіпсіз етеді.

Өнімнің халыққа ұнауынан шабыт алған кәсіпорын бұл желіні де кеңейтуге шешім қабылдады, көп ұзамай дәстүрлі кір сабыннан бөлек, мұнда құрамында кокос майы бар сабын да шығарыла бастады. Бүгінде «Шымкентмай» АҚ құрамында 65% және 72% майы бар «Хозяйка» сауда маркасымен сабын, сондай-ақ 72% кокос майы бар, косметикалық сабынға ұқсайтын «FRESHKO» кір сабынын өндіреді. Эстетикалық сыртқы көрінісі, жағымды хош иісі және жоғары дезинфекциялау қасиеттері бұл өнімді бірден фавориттерге шығарды. Алайда, кемелдікке шек жоқ. Зауытта өндіріс желісін жаңғырту туралы шешім қабылданды.

Жаңа технологиялар сапалық сипаттамалары жақсартылған аралық өнімді алуға мүмкіндік береді, бұл тиісінше түпкілікті тауардың сапасын да арттырады, сондай-ақ қуатын арттырады, тазартылған май қышқылдарын өңдеу процесінде энергия ресурстарын тұтынуды және технологиялық шығындарды азайтады. Кәсіпорын бұған Жинақ банктен қаржы алды.

Зауытта іске қосылатын жобаның табысқа жететініне ешқандай күмән жоқ - банкпен ынтымақтастық 10 жылға жуық уақыт бойы өзінің игілігін дәлелдеді.

Сенімділікке негізделген таңдау

- Біздің компания сонау 2012 жылы Жинақ банкті серіктес ретінде таңдады, себебі ол әлемнің ірі банктерімен кең байланыста, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін клиенттермен және серіктестермен жұмыс істеуде орасан тәжірибесі бар, мұның өзі банкке біздің барлық сұраныстарымызды жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - дейді «Шымкентай» АҚ директоры Данияр Әдірбеков.

Оның айтуынша, жобалардың сәтті жүзеге асырылуы кәсіпорын командасының күш-жігеріне ғана емес, шикізат жеткізушілер, өнім сатып алушылар, құрал-жабдықтар дайындаушылар, жобалау және құрылыс-монтаж компаниялары, әрине, қаржы мекемелері сияқты барлық серіктестердің ынтымақтастығының тиімділігі мен үйлесімділігіне де байланысты.

«Шымкентмай» АҚ үшін май өнеркәсібі нарығындағы ұстанымның орнықтылығы, сондай-ақ негізгі қорларды жаңғырту мен кеңейту - аса маңызды мәселелер, сондықтан жобалардағы қаржылық серіктес ретінде біз ел нарығында берік орынға ие Жинақ банкін таңдадық. «Қазақстан Жинақ банкі» ЕБ АҚ-ның жоғары сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығы бізге қойылған міндеттерді орындауда табысқа жетуге кепілдік береді. Жинақ банктегі әріптестеріміз, тіпті банктің өзі үшін бұл нұсқалар іске асыруда анағұрлым күрделі болса да, әрқашан ынтымақтастықтың біз үшін ең қолайлы және тиімді нұсқаларын таңдауға көмектеседі, - деп қосты май өңдеу зауытының басшысы.

Ынтымақтастықтың басында компанияның жылдық айналымы 10 млрд теңгеден аспады. Банк ұсынған айналым қаражатын толықтыруға арналған ашық желінің арқасында кәсіпорын 8 жыл ішінде түсім көлемін екі есеге ұлғайтуға қол жеткізді. Бұл ретте қаржы институты кәсіпорынға айналым қаражатын толықтыру үшін қажетті лимит береді, ол да осы жылдары екі есеге ұлғайды.

2012 жылы Жинақ банкі «ҚДБ» АҚ-мен бірлесіп 2016 жылдың басында іске қосылған жаңа үздіксіз тазарту цехының құрылысын қаржыландыра отырып, осы компания үшін бірінші ауқымды жобада май өңдеу зауытына қолдау көрсетті. Бұл жоба зауыттың технологиялық буындарындағы сәйкессіздіктерді жойды және өсімдік майы өндірісінің бүкіл циклі бойынша цехтардың өнімділігін толық сәйкестендірді, ірі шетелдік және кейбір отандық өндірушілер шығаратын ұқсас өнімге қатысты майдың бәсекеге қабілеттілігін едәуір ұлғайтты.

Одан кейін газ-поршеньді станцияны сатып алу және іске қосу бойынша тағы бір сәтті жоба бірлесіп іске асырылды. Енді «Шымкентмай» Жинақ банкінің қолдауымен келесі инвестициялық кезеңді іске асыруға кірісті. Көпжылдық мінсіз оң кредиттік тарих, салық берешегінің болмауы және өз міндеттемелерін орындауға елеулі және мұқият қарау зауытты бизнес бойынша сенімді серіктес ретінде сипаттайды.

Экспорттық вектор

«Шымкентмай» өнімінің сапасын қазақстандықтар да, сыртқы тұтынушылар да жоғары бағалады. Бүгінгі таңда компания түсімнің шамамен 70,5% экспорттық жеткізілім есебінен алады, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 6%-ға жоғары.

Кредиттеу компанияға өз өнімдерін өткізу географиясын кеңейтуге, сондай-ақ оның экспорты көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осы бағытта зауыт ҚДБ және «KazakhExport» АҚ экспорттық сақтандыру агенттігімен бірлескен жобаларда экспорт алдындағы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қолдау алуда кезінде күрделі май өндіру саласының барлық тәуекелдерін бөлісетін Жинақ банктен белсенді жәрдем алады.

«Шымкентмай» еліміздегі майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдерін ірі өндірушілердің бірі болғандықтан, кәсіпорынның экспорт алдындағы операцияларын кредиттеу тұтастай алғанда Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттырады.

Бүгінде компанияның өнімдері ішкі нарықта негізінен Шымкент, Түркістан, Тараз, Алматы, Сарыағаш қалаларында, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарында сатылады. Қазақстандық өндірушінің өнімін сатып алатын елдер тізімінде Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан және Түркия бар.

Өткен жылы компанияның өндіріс көлемі: өсімдік майлары - 32 мың тоннаны, кір сабын - 6,8 мың тоннаны, азықтық өнімі - 94 мың тоннаны құрады.

Зауыттың Жинақ банктің қолдауымен өсімдік майларын тереңдетіп өңдеу бойынша үлкен жоспарлары бар.

Дереккөзhttps://www.zakon.kz/5059870-kak-maslopererabatyvayushchemu.html