Қазақстан дайын өнімді сыртқа шығаруға басымдық береді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстан дайын өнімді сыртқа шығаруға басымдық береді

Тауарлар мен қызметтер экспортын ілгерілету үшін тиісті жағдай жасалған. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында сөз болды. Ведомство өкілдері қазіргі экономикалық жағдайда отандық экспорттаушыларға қолдау көрсетуді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін қажетті база құрылған. 

Ел экономикасы коронакризис салдарынан кейін қайта аяққа тұрып келеді. Былтыр шикізаттық экспорт үлесі 18 процентке азайған. Өңделген өнімге сұраныс басым екен. Бір жылдағы көрсеткіш 3 процентке ғана төмендеген. Мемлекет те бизнестен көмегін аямады. Жыл бойы 134 млрд теңгеден аса сақтандыру қолдауы көрсетілді.

Руслан Искаков, «Kazakhexport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы:

- «Kazakhexport» машина құрылыс және тамақ өндіру салаларына басымдық береді. 2020 жылдың 11 айлық көрсеткіші бойынша тамақ өнімдері және сусындар экспорты 21 пайызға өсті. Ал автокөлік экспорты 85 процентке өсті. «Kazakhexport» компаниясы былтыр 115 отандық кәсіпорынға көмек көрсетті. Бұл 2019 жылға қарағанда 38 процентке көп. Биыл да қыруар жұмыс кезегін күтіп тұр. Шағын және орта бизнес өкілдері де назардан тыс қалмайды. 

Руслан Искаков, «Kazakhexport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы:

- 2021 жылы отандық экспорттаушыларға 200 млрд теңгеге сақтандыру қолдауы жоспарланып отыр. Қазір дайындалған заңнамалық түзетулер қаралып жатыр. Биыл жаңа  жаңа экспорттық қолдау шаралары енгізіледі. 

Бұл шаралар отандық инженерлік және машина құрастырушы компаниялардың экспорттық әлеуетін еселейтін болады. Тізімде көлік, автобус, тікұшақ, локомотивтер мен аккумулятор бар.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/455270-aza-stan-dajyn-nimdi-syrt-a-shy-aru-a-basymdy-beredi