«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Жалғыз акционері («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 24.05.2017 жылғы № 22/17 хаттамасы) Қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімі:

1. Қоғамның (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 80/4, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК KZ626010131000096412, HSBKKZKX, БСН 030840002763, БеК 15) 2016 қаржы жылында алған 109 850 746 (жүз тоғыз миллион сегіз жүз елу мың жеті жүз қырық алты) тенге көлеміндегі таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:

а) 32 955 768 (отыз екі миллион тоғыз жүз елу бес мың жеті жүз алпыс сегіз) теңге көлеміндегі сома Қоғамның Жалғыз акционеріне дивиденд төлеуге жұмсалсын;

б) таза табыстың 76 894 978 (жетпіс алты миллион сегіз жүз тоқсан төрт мың тоғыз жүз жетпіс сегіз) теңге көлемінде қалған бөлігі Қоғамның иелігінде қалсын.

2. Дивиденд көлемі Қоғамның бір қарапайым акциясына шаққанда  365 (үш жүз алпыс бес) теңге 85 (сексен бес) тиын болып бекітілсін.

3. 2017 жылғы 1 маусым дивиденд төлеу басталатын күн болып белгіленсін.  

4. Қоғам дивидендті ақшалай түрде Қоғамның Жалғыз акционерінің банк шотына осы шешім қабылданған сәттен бастап 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей, ақшасыз аудару арқылы төлесін.

Осы шешім Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.

Қоғамның корпоративтік басқаруына қатысты мәселелер бойынша Қоғамның Корпоративтік хатшысы Давлетова Альфияға хабарласуыңызға болады.