Moody's Investors Service KazakhExport-тың рейтинг болжамын «жағымсыздан» «тұрақтыға» дейін көтерді | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Moody's Investors Service KazakhExport-тың рейтинг болжамын «жағымсыздан» «тұрақтыға» дейін көтерді

Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (KazakhExport) сақтандыру қаржылық тұрақтылығы рейтингі бойынша болжамын «жағымсыздан» «тұрақтыға» дейін көтерді және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін Ваа3 (IFSR) деңгейінді растады.

Агенттіктің хабарлауынша «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ рейтингіне Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан қолдау оң ықпал етті және болжамның «жағымсыздан» «тұрақтыға» өзгеруі – Қазақстанның мемлекеттік облигациялар рейтингі болжамының Ваа3 деңгейінде өзгеруін көрсетеді. Moody’s Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік «KazakhExport» экспорттық сақтандыру ұйымы» АҚ-на қолғабыс көрсету мүмкіндігі мен ниеті өзгеріссіз болып қалуда деп санайды.

«Moody’s  Қазақстан Үкіметі мен KazakhExport арасындағы байланыс жоғары дәрежеде KazakhExport-тың келесі сипаттамаларына негізделген деп пайымдайды: (I) мемлекеттің толық меншігі; (II) оның табыстары мен операциялық пайдасының Қазақстан экономикасына тәуелділігі; (III) инвестициялық қоржын негізінен қазақстандық мемлекеттік облигацияларға және қазақстандық банктердегі депозиттерге негізделген, және (IV) мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, мұның өзі бизнесті одан әрі дамыту мақсатында таяуда, яғни 2016 жылғы қазандағы (14 млрд теңге) және 2017 жылғы наурыздағы (13,9 млрд теңге) жалпы 27,9 миллиард теңге мөлшеріндегі капитал салымдарымен расталады. KazakhExport үкіметтің 2017 жылғы 3 тамыздағы шешіміне сәйкес жекешелендіру тізбесінен алып тасталды», - делінген Moody's-тың хабарында.

Анықтама үшін:

  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы. «KazakhExport» миссиясы – экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылмай емес қолдау практикасын қалыптастыру. Баспасөз қызметі: +7 727 250 00 21 (ішкі 134), сайт www.keg.kz  

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі – ҚР Президентінің Жарлығымен даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылды. Холдингтің негізгі миссиясы – мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «Стратегия – 2050»-де қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қолғабыс көрсету.