Көршілердің үстеліне арналған тәттілер. Қазақстандық кондитерлер сыртқы нарықты қалай игеруде | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Көршілердің үстеліне арналған тәттілер. Қазақстандық кондитерлер сыртқы нарықты қалай игеруде

Қазақстандағы ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің ішкі нарығы жергілікті және импорттық өнімдерге толы. Сондықтан перспективалы бағыт - бұл экспорт.

Дүкен сөрелерінен шайға  печенье немесе вафли таңдау кезінде, сіз қандай өнімді таңдайсыз, яғни  қазақстандық өнімді немесе импорт өнімді сатып аласыз ба? Таңдауға не негіз болды — бағасы, дәмі, шығарылған орны немесе брендті танымалдығы ма?

Тұтынушылардың қалауы, ойлағандай, жәй нәрсе емес, оған  ондаған мың адам жұмыс істейтін бүтін бір саланың жауаптылығы жатады.

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 92,4 мың тонна печенье және басқа да ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірілді. Бұл ретте ішкі нарықтағы сұранысты отандық өндірушілер 60,9% – ға қамтамасыз етті, қалғаны-импорттық өнім.

Қазақстандық кәсіпорындар өнімді өз елдерінде іске асыра алатыннан  асыра өндіреді. Қалғанын көршілерге сатады,  олар үшін - дәмді және біз үшін - пайда.

Алайда, мұнда бәрі оңай емес. Бұл нарықта үлкен бәсекелестік бар, сондықтан көрші елдердің дүкен сөрелеріне өнімдерді шығару өте қиын. Қазақстандық кәсіпорындар өте жақсы сапаны қамтамасыз ете алады, бірақ көбінесе бағалар мен маркетингтегі жарыстарға төтеп бере алмайды. Ірі шетелдік компаниялар нарықты иемдену үшін бағаны, тіпті өзіндік құнынан да төмендетіп жібере алады, ал брендтерін ілгерілетуге де айтарлықтай қаражат жұмсайды. Бірақ бұл біздің өндірушілер шетелдік нарықтарды жаулап алу әрекетінен бас тартуы керек дегенді білдірмейді.

Жақында өзбек дүкендерінің сөрелерінде ISScom ЖШС өнімі «Орал вафлиі» пайда болды, оған Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы «Шаныбек» кондитерлік фабрикасы кіреді.

– Осы жылдың жазында біз өз өнімдерімізді Өзбекстанға жібере бастадық, - дейді № 1 наубайхана кәсіпорны кіретін ISScom ЖШС құрылтайшысы Мұхаммед Исаев. – Бұл біздің кәсіпорынға оң әсерін тигізді. Өндіріс көлемі артты, еңбек өнімділігі артты, адамдар көп ақша таба бастады. Жоспарда – экспортты ұлғайту, қуаттылық мүмкіндік береді, алайда басқа нарықтарға шығу оңай емес.

№ 1 нан зауыты өз өнімін шетелдік серіктестерге консигнацияға береді, айына екі рет 25 мың долларға «Орал вафлилерін» жібереді. Бұл сома кәсіпорын үшін айтарлықтай. Егер серіктес қандай да бір себептермен уақытында төлей алмаса - бұл айтарлықтай қаржылық кедергі болады. Сол себепті кәсіпорын басшылығы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-дан («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) қолдау сұрады.

- KazakhExport бізге экспорттық операциялар кезінде төлемді сақтандыру түрінде қолдау көрсетті. Компания өзінің айналым қаражатын салады, егер бірдеңе дұрыс болмаса, бұл бизнеске үлкен соққы болады - деп түсіндіреді Мұхаммед Исаев. – Біз шағын кәсіпорынбыз, басқа елде контрагентімізді тексеретіндей ресурстарымыз жоқ. KazakhExport мұны істей алады - оның талдаушылары нарықты зерттейді, ақпарат жинайды. Сөйтіп, төлемімізді сақтандыру туралы шешім қабылдайды. Бұл бізге өз ақшамызды міндетті түрде алатындығымызға және оны өнімді одан әрі өндіруге сенімділік береді.

Орал кәсіпорны айына 50-70 тонна вафли шығарады, оның үштен бірі экспортқа жіберіледі. Өндірістік қуаттар өнім шығаруды 200 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді - сату нарығы  болар еді. Ішкі нарық іс жүзінде толық, ал экспорт — өте перспективалы бағыт.

Мемлекеттің қолдауымен ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндірушілердің күш – жігері сәтті болғанын атап өткен жөн - бір жыл ішінде (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда) экспорт 20,9 пайызға өсті.

Негізінен қазақстандық печенье, вафли және басқа да кондитерлік өнімдер Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанға, сондай-ақ Ауғанстан, Грузия және Моңғолияға экспортталады. Айта кету керек, «made in Kazakhstan» тәттілері сол жерде өтімді болды.

https://informburo.kz/stati/sladosti-k-sosedskomu-stolu-kak-konditery-iz-kazahstana-osvaivayut-vneshnie-rynki.html