Айналымдарды қолдау. Қазақстандық инжиниринг Ресейге экспортталуға бағыт алуда. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Айналымдарды қолдау. Қазақстандық инжиниринг Ресейге экспортталуға бағыт алуда.

Қазақстандық инжинирингтік компаниялардың ерекше құзыреттіліктері бар, олардың экспортқа шығуына, олардың айналым қаражатының жетіспеушілігі кедергі келтіреді.

Қазіргі уақытта мұнай-газ саласында мұнай-сервистік қызметтер көлемінің айтарлықтай өсуі байқалады. Мысалы, Қазақстанның мұнай-газ компаниялары 2019 жылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін  қызметтерді сатып алу көлемін 15% - ға, 18,4 млрд долларға дейін ұлғайтты. Бұл соманың 80%-ға жуығы «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және North Caspian Operating Company сияқты  үш ірі компанияға тиесілі. Бұл ретте қазақстандық қамтумен сатып алу басым болып табылады.

Бұл осы секторда жаңа компаниялар құруға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, консалтингтік, құрылыс және басқа да инжинирингтік құзыреттерді дамытуға қазақстандық кәсіпкерлерді ынталандырады. Қазір мұнай-газ саласына 80%-ға жуық қазақстандық компаниялар, сондай-ақ  қалған 20% шетелдік компаниялардың қатысуымен, бірлескен кәсіпорындар тартылған.

Алайда, қазақстандық компаниялар елдің  ішінде де өзінің наны үшін күресуді жалғастыруда. Мәселен, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының деректері бойынша, өткен жылы сатып алудың жалпы сомасының жартысынан көбін шетелдік жеткізушілер игерген. Жобалау және инжиниринг саласында сандар одан да төмен: қазақстандық компаниялар өткен жылы осы нарықта 389 млрд теңгеге бағаланған тапсырыстардың жалпы көлемінің 9%-ын ғана қабылдаған. Әзірге, бұл сегментте британдық компаниялар көш бастап тұр.

Барлығы нақты құзыреттер мен бұрынғы жұмыс тәжірибесінде,  кейде осы қазақстандық өнім берушілерге жетпей жатады. Сондықтан сәтті аяқталған істер жергілікті компанияларға келесі тапсырыстарды алу үшін өте қажет. Одан да маңыздысы –  тәжірибесі бар және экспортқа шыға алатын компанияларды қолдау.

Сонымен қатар отандық компанияларға  көшбасшы кәсіпорындар өз салалары бойынша жобаларын сеніп тапсырады: мысалы, қазақстандық «Теңізшевройл», NCOC, ресейлік «Велесстрой» ЖШҚ және басқалары. Мұндай компаниялардың стандарттары бойынша жұмыс істеу қазақстандық мердігерлердің біліктілігі мен білім деңгейінің көрсеткіші болып табылады, бұл оларды айтарлықтай бәсекеге қабілетті деп санауға мүмкіндік береді.

Отандық инжинирингтік компаниялар Қазақстандағы ірі мұнай өндіру жобаларында жұмыс тәжірибесін алып, өз қызметтерін сәтті экспорттай алатындығын көрсетеді.

Оған мысал - жақында Ресейде Амур газ өңдеу зауытынан тапсырыс алған «Infra Del Projects Kazakhstan» ЖШС (IDP) компаниясы. Амур газ өңдеу зауытының алаңында жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін компания 300-ден астам жоғары білікті мамандарды жұмылдырды. Олардың барлығы – Қазақстан азаматтары.

Бұрын IDP-де инжинирингтік қызметтерді экспорттау бойынша тәжірибе болған жоқ. Оны алуға «KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның  («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚР сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) қолдауы көмектесті.

«Бізде бар ресурстар мен мүмкіндіктер ТМД-ның барлық өңірлеріндегі, сондай-ақ одан тыс жерлердегі жобалар үшін өзекті. Біз Ресейдегі клиенттерге  мамандарымыздың дағдылары мен тәжірибесі, Қазақстанда пайдаланылатын жабдықтар мен құралдардың сапасы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін сәтті көрсете алдық. Сонымен қатар, жоғары өнімділіктің арқасында біз ресейлік клиенттерді қызықтырған бәсекеге қабілетті бағаларды ұсына алдық, – дейді «Infra Del Projects Kazakhstan» (IDP) ЖШС қаржы талдаушысы Гүлнара Ақтаева – «KazakhExport біздің компаниямыздың ресурстары мен мүмкіндіктерін қарастыра келе, Амур газ өңдеу зауыты құрылысының жобасы бойынша жұмыстарды одан әрі орындау мақсатында, айналым қаражатын толықтыру үшін «Bank RBK» АҚ-ға қарызды сақтандыру қорғанысын ұсыну туралы шешім қабылдады» - дейді ол.

650 млн теңге мөлшеріндегі қарыз қаражатына IDP компаниясы барлық қажетті шығыс материалын сатып алды, сондай-ақ келісімшартты орындауға байланысты барлық операциялық шығыстарды жабатындай мүмкіндік алды.

2021 жылдың ортасына қарай IDP-де Амур аймағында және Ресейдің басқа аймақтарында жаңа жобаларға қатысу жоспарлары бар. Әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізілуде.

Шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың оң нәтижелеріне ие болудың арқасында қазақстандық экспорттаушыларға экспорттық келісімшарттарды көбірек алу ықтималдығы өте жоғары.  Сондықтан мұндай мәмілелерде мемлекеттің көмегінің мультипликативті әсері бар.

https://informburo.kz/stati/podderzhat-oboroty-kazahstanskiy-inzhiniring-idyot-na-eksport-v-rossiyu.html