Өсімдік майы — өсу нүктесі. Мемлекет экспорттаушыларға қалай көмектесуде? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Өсімдік майы — өсу нүктесі. Мемлекет экспорттаушыларға қалай көмектесуде?

Әлемдік нарықта өсімдік майына сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Қазақстандық өндірушілер осы сегментте өз орнын алуға тамаша мүмкіндік алды.

ҚР ИСМ QazTrade деректері бойынша, 2019 жылы Қазақстаннан күнбағыс майының экспорты 81 млн долларды құрады, бұл 2015 жылға қарағанда (28,9 млн доллар) 2,8 есе көп. Заттай мәнде 106,0 мың тонна май экспортталды, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 3,6 есе артық. 2020 жылдың 9 айында ҚР-нан күнбағыс майын шығару 75,5 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,7% - ға артық.

Өнімнің негізгі бөлігі Қытайға (38,2%), Өзбекстанға (30,3%) және Тәжікстанға (15,5%) экспортталуда. Ағымдағы жылдың 9 айында экспорттың айтарлықтай өсуі  Өзбекстан (+93,7%) және Қытай (+61,7%) бағыттарнан байқалады.

Соңғы бірнеше жылда сұраныспен бірге, өсімдік майының бағасы да өсіп келеді. Фермерлер өз мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысуда, майлы дақылдар жылдан жылға өсіп келеді. Бірақ шикізатты кім сатып алады? Ең жақсы баға мен жақсы жағдайларды ұсынатын адам. Және шетелдік кәсіпорындар сатып алады, өйткені қазақстандық өндірушілерде  шаруалармен бірден есеп айрысуға немесе  алдын ала төлем жасауға айналым қаражаты әрдайым бола бермейді, сондықтан кейде зауыттар алдағы уақытқа шикізат жинай алмайтындықтан, жазда жиі тоқтаптұрып қалып жатады.  

Алайда, Қазақстан экономикасын дамыту үшін шикізатты емес, дайын өнімді сату тиімдірек, сондықтансол себепті отандық өндірушілерді қолдау қажет. Әрбір зауыт - бұл тұрақты жұмыс орындары, әлеуметтік инфрақұрылым және бюджетке  түсетін салықтар емес пе!? Ия, дайын майдың құны тұқымның құнынан жоғары. Айтпақшы, көрші елдер арасында май өндірісінің жанама өнімдері — шрот және күнжара, жануарлар мен құстардың жеміне өте құнды қоспалар үлкен сұранысқа ие. 

Бұдан басқа, шикізаттық емес экспорт үлесінің ұлғаюы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сол себепті, жаңа деңгейге шығып, өз өнімдерін шетелге сату үшін толық циклді өндірістер құруды ұйғарған кәсіпорындар "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы, ҚР сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) арқылы мемлекеттік қолдау алады.

- Біздің кәсіпорын 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Бастапқыда рапсқа бағдарланып, Еуропаға жеткіземіз деп сенген, онда рапс майын биодизельді ауыстыру ретінде пайдаланатын болған, - дейді қостанайлық "K-Oil" ЖШС коммерциялық директоры Евгений Ибраев, - бірақ уақыт өте келе күнбағыс майына ауысты. Оны Қытайда, Орта Азияда өте жақсы сатып алады. Мәселе - шикізатты сатып алу үшін үнемі айналым қаражаты қажетігінде. Біз кредит желісін аштық және KazakhExport бізге кредитті сақтандыру қызметін ұсынды. Онсыз бізге қажетті ақшаны алу қиын болды, банк кепіл мүлкін талап етеді, ал ол, әдетте, кредит сомасын өтемейді.

Қазақстандық өнім экспортының өсуі, басқалармен қатар, жергілікті өндірісті дамытуға ынталандырады. Бұған айқын мысал - Қостанай облысының тағы бір кәсіпорны - Промбаза-7 ЖШС.

- Біздің өндірістік цехымыз Федоров ауданының Копыченка ауылында орналасқан, - дейді ЖШС басшысы Мұқамбетжан Акулов, - бастапқыда бұл шағын кәсіпорын болды, цехта алты адам жұмыс істеді. Келе-келе біз оны жаңарттық, немістің, итальяның, қытайдың заманауи жабдықтарын қойдық. Қазір бұл сатуға дейін шығаратын толық циклді кәсіпорын. Яғни, біз май өндіреміз, оны тазартамыз және бөтелкеге құямыз, біздің өнімдерімізді дүкендерде сатуға  болатындай, дайын. Қазір бізде 45 адам жұмыс істейді, тек ауыл тұрғындары ғана емес, көптеген адамдар қаладан келеді. Біз негізінен, Қытайға экспорттаймыз, ай сайын 500-600 тонна май жібереміз. Және Ресейге 1000 тоннаға дейін шрот пен күнжара жібереміз. Кредиттерсіз болмайтынымыз түсінікті және бұған біздің сенімді серіктесіміз KazakhExport өте жақсы көмектесті, оларсыз қиын болар еді. Олар бізге сақтандыру кепілдіктерін берді, сол себепті қажетті қаражат тезірек түсті.

Шығыс Қазақстандық "ПК Сей-Нар" ЖШС де қомақты қолдау алды. 2018 жылы KazakhExport бұл кәсіпорынға 2 млрд теңге мөлшеріндегі банктік қарызды сақтандыру арқылы сақтандыру қорғауын ұсынды. Бұл қаражат экспортқа тазартылмаған күнбағыс майын өндіру үшін шикізат сатып алуға арналды. Қолдау өте тиімді болды, қазір "Сей-Нар" компаниялар тобы ШҚО Глубокое ауданында жаңа май зауытын салуда. KazakhExport желісі бойынша өңір үшін маңызды 10 млрд теңге мөлшеріндегі инвестициялық жобаны іске асыру үшін кредитті сақтандыру арқылы  сақтандыру қорғауын ұсыну туралы шешім қабылданды.

Жалпы жыл басынан бері KazakhExport қабылдаған сақтандыру өтемі бойынша міндеттемелер көлемі 63 млрд теңгені құрады. Табысты нарықтық конъюнктурамен қоса, бұл - май шығарушыларға әлемдік нарықта осы тауашаны сәтті иеленуге мүмкіндік беретін мемлекеттің қолдауы. 

https://informburo.kz/stati/rastitelnoe-maslo-tochka-rosta-kak-gosudarstvo-pomogaet-eksportyoram.html