Пандемия Өзбекстанға шығарылатын қазақстандық экспортқа әсер ете қоймады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Пандемия Өзбекстанға шығарылатын қазақстандық экспортқа әсер ете қоймады

Өзбекстанның ірі сауда желілеріне Made in Kazakhstan тауарларының түсуі жалғасуда. Негізінен өзбекстан тұрғындары арасында қазақстандық тамақ өнімдері, ет және кондитерлік өнімдер танымал.

Биыл екі елдің өзара тауар айналымын $5 млрд дейін жеткізу жоспарланған болатын, бірақ пандемия өз әсерін тигізді. 9 айда өзара сауда көлемі 16,5%-ға төмендеді. Алайда, олардың ішінде ҚР экспорты аз ғана пайызға қысқарды, ал Өзбекстаннан импорт 40%-ға төмендеген, деп хабарлайды LSM, ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа сілтеме жасай отырып.

Ташкентте өткен жылдан бастап «KazakhExport» ЭСК» АҚ шетелдік өкілдігі жұмыс істейді. Оның міндеті - Өзбекстан мен Қазақстанның бизнес қауымдастығымен байланыс орнату, сондай-ақ екі елдің шикізаттық емес секторы мен қаржы құрылымдарының кәсіпкерлерін бизнесті қолдау құралдары мен дамыту перспективалары туралы хабардар ету.

Жалпы, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің KazakhExport ведомстволық бағынысты ұйымының сақтандыру қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар Өзбекстан нарығына автомобильдер, азық-түлік, ет және кондитерлік өнімдерді, құрылыс материалдарын және т.б. жеткізеді. Қазақстандық өнімге деген сұраныс Өзбекстанның әріптес-банктерінің желісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Өзбек банктері шығарған аккредитивтерді сақтандыра отырып, KazakhExport қазақстандық экспорттаушыларға тауар тиелгеннен кейін  төлемді бірден алуға, ал өзбек сатып алушыларына қазақстандық өнімді сатып алуға қаржыландыру алуға мүмкіндік береді.

Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары барысында «KazakhExport» ЭСК» АҚ мен «Кишлок Курилиш Банк» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Осы келісім шеңберінде азық-түлік, құрылыс және химия салаларында, оның ішінде Өзбекстанға отандық полимер өнімдерін, ірі қара мал етін, күнбағыс майын, цемент жеткізуге арналған мәмілелер бойынша жалпы сомасы $2,3 млн аккредитивтерді сақтандыру жүзеге асырылды.

Жыл басынан бері Өзбекстанға экспорттық келісімшарттар бойынша KazakhExport қабылдаған міндеттемелердің жалпы көлемі 19,4 млрд теңгені құрады. 

 

https://lsm.kz/pandemiya-ne-udarila-po-kazahstanskomu-eksportu-v-uzbekistan

chat Кеңес ал!