Отандық сүт өнімдерін өндіруші KazakhExport-тың қолдауының арқасында шетелге экспорт көлемін ұлғайта алады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Отандық сүт өнімдерін өндіруші KazakhExport-тың қолдауының арқасында шетелге экспорт көлемін ұлғайта алады

«Молпродукт» ЖШС («Агропродукт» КТ-на кіреді), отандық сүт өнімдерін ірі өндіруші «KazakhExport»-тың қолдауының арқасында шетелге экспорт көлемін ұлғайта алады. «Қарызды сақтандыру құралы өндірушілерге Еуразиялық банктен (Еуразиялық Банк) 2 млрд. теңге кредит алуына мүмкіндік берді, оның 1,8 млрд. теңгесі экспорттық сақтандыру компаниясында сақтандырылды.

«Бұл құрал экспорттаушылар үшін, атап айтқанда, біздің компания үшін өте ыңғайлы болып табылады. «KazakhExport»-тан қарызды сақтандыру кепіл базасы жеткіліксіз болғанда немесе болмаған кезде ЕДБ-нан қаржы алу мүмкіндігін береді. Біз компанияның экспорттық әлеуетін осы құралдың есебінен өсіруді есептеп отырмыз, бұл компанияға өнімдерді өткізу нарығын сараландыруға және өндірістің жалпы көлемін өсіруге мүмкіндік береді», - деді «Агропродукт» компаниялар тобының қаржы талдаушысы Қайсар Төкеев.

«Молпродукт» компаниясы танымал «Зорькин Луг», «Мумуня», «Наше» және «Одари» маркаларымен сүт өнімдерін өндіреді. Өнімдер экспорты көп жылдан бері Ресей Федерациясына жөнелтіліп келеді, енді ҚХР-на экспорттау жоспарланып отыр. Ресейлік сатып алушылар тарапынан «Молпродукт» ЖШС шығаратын сүтке, айранға, сондай-ақ басқа сүт өнімдеріне сұраныс бар. Ал қытайлық әріптестер йогурттарға, сусындарға және басқа өнімдерге қызығушылық танытып отыр.

Сүт өндіруші «Экспорт алдындағы қаржыландыру» құралын пайдалана отырып, экспортталатын өнім көлемін жылына 27 мың тоннаға дейін көтеруді жоспарлауда.

«Қазіргі уақытта «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның қарауында «KazakhExport» сақтандыруымен 2 млрд. теңге сомаға операцияларды экспорт алдындағы қаржыландыру жобасы жатыр», - дейді Қайсар Төкеев.

Естеріңізге сала кетсек, «KazakhExport» құралдарын пайдалану үшін 8 (727) 250 00 21 телефоны бойынша call-center-ге жүгінуге болады, сондай-ақ қосымша ақпаратты: http://keg.kz/ сайтынан алуға болады.