«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам СК" АҚ негізінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам компаниясы құрылатын болады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам СК" АҚ негізінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам компаниясы құрылатын болады

"KazakhExport" СК" АҚ негізінде "KazakhExport" компаниясы құрылатын болады

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг барысында қандай компаниялардың Қазақтанда инвесторлармен жұмыс жүргізетінін және отындық өнімдердің экспортымен айналысатынын айтты.

 "Қазір екі компания бар. Олардың біреуі "KazakhExport" деп аталады. Оның негізінде "KazakhExport" компаниясы құрылады, оның жұмысы экспортты ілгерілету, атап айтқанда экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, экспортты ынталандыру, өнімдер экспорты кезінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау болып табылады. Екінші компания KAZNEX INVEST – жұмыс істеп тұрған компания. Ол бүкіл инвесторлармен бірыңғай келіссөз жүргізуші болады", - деді Жеңіс Қасымбек.

 Бұл ретте ол осы екі компанияның әртүрлі екі бағыт үшін жауап беретінін нақтылады: KAZNEX INVEST инвестицияларды тарту жөніндегі бүкіл функцияларды біріктіреді, ал "KazakhExport" қазақстандық өнімдерді экспортқа ілгерілетумен айналысады.

"Олар бізге келген инвесторды қарсы алады және жоба аяқталғанға дейін бірге болады. Яғни бұған құжаттар, визалық қолдау көрсету, әртүрлі топтамалар мен жеңілдіктер беру кіреді. Демек, жобаны басталған кезінен іске асырылған сәтіне дейін сүйемелдейтін болады. Бұл қалыпты практика. Әлемде инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік секілді компаниялар бар. Бүгін KAZNEX INVEST-тің атқаратын функциялары көп және олар айқын емес. Оның экспортты ілгерілету жөніндегі функциялары бар, біз оларды "KazakhExport"-қа береміз, ал ол бүгінгі күні тек сақтандырумен айналысады. Енді экспортқа қолдау көрсету жөніндегі мәселелердің бүкіл блогымен "KazakhExport" айналысатын болады", - деп қосты Қасымбек.