KazakhExport компаниясының өткен жылғы аудиторлық есебі www.kazakhexport.kz сайтында жарияланған | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport компаниясының өткен жылғы аудиторлық есебі www.kazakhexport.kz сайтында жарияланған

Есеп мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың басында KazakhExport активтері 2018 жылмен салыстырғанда 48,7 млрд теңгеден 88,2 млрд теңгеге дейін өсті.

Таза пайда көлемі бір жарым есеге артты: 2019 жылы шамамен 2,4 млрд теңгеге, ал 2018 жылы 1,6 млрд теңге. Бұл ретте компанияның негізгі табысы сақтандыру сыйлықақыларынан құралды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша таза пайданың 100%-ы дивидендтерді төлеуге бағыттау жоспарлануда.
Осының барлығы өз капиталының өсуіне әкелді: бір жыл бұрын ол 43,3 млрд теңгені құрады, ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша 79,2 млрд теңгеге дейін өсті.

"Компания өткен жылы жемісті жұмыс істеді. Мәмілелерді ықтимал тәуекелдерден қорғау үшін сарапшыларымыз тұрақты мониторинг жүргізіп, біздің контрагенттеріміздің төлем қабілеттілігін үнемі бағалайды. Жеке қарыз алушыларды талдаудан басқа, жалпы несие шоғырлануы мен нарықтық тәуекелдерге қатысты инвестициялық портфельге бағалау жүргізіледі", – деп атап өтті ұйымда.

Аудиттелген қаржылық есептілікпен біздің сайтымызда https://kazakhexport.kz/files/audirovannaya_otchetnost_2019g_rus.pdf сілтемесі бойынша толығырақ танысуға болады.