«KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның Басқарма төрағасы сайланды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның Басқарма төрағасы сайланды

«Бәйтерек Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) Басқармасының ішкі отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың басшылығымен Руслан Ысқақовты «KazakhExport «экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «KazakhExport «ЭСК» АҚ) Басқарма төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды. 

2020 жылғы 2 сәуірдегі осы шешімді «KazakhExport «ЭСК» АҚ-ның Жалғыз акционері қабылдады және ол ағымдағы жылдың 18 наурызында күшіне енді, Руслан Ысқақовтың өкілеттік мерзімі үш жылға белгіленді.

Руслан Ысқақов 2016 жылдың ақпан айынан бастап «KazakhExport «ЭСК»АҚ Басқарма төрағасы болып табылады. 2014-2015 жылдар аралығында «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Қазақстанның коммерциялық банктерінде әртүрлі қызмет атқарған, қаржы секторында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

KazakhExport («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету бойынша ведомстволық бағынысты ұйымы. Компанияда қазақстандық экспорттаушыларды қолдаудың 14 негізгі құралы бар. Біздің миссиямыз экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.