Әрқашан дайынбыз: KazakhExport отандық автоөндірісті қолдауы туралы | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Әрқашан дайынбыз: KazakhExport отандық автоөндірісті қолдауы туралы

«Chevrolet» маркалы жаңа модельдердің Қазақстан-Өзбекстан бірлескен автоқұрастыру желісінің ашылу салтанаты Қостанай автомобиль зауытында өтті.

Телекөпір шеңберінде ҚР және ӨР Премьер-Министрлері А. Мамин және А. Арипов «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «UzAuto Motors» АҚ бірлескен жобасына ресми бастама берді.

Жаңа өндірістік желіде «Chevrolet» – Damas, Labo, Trailblazer, Malibu, Spark және т.б. маркалы автокөліктердің бірнеше модельдері құрастырылады. «Chevrolet Damas» автобусы мен «Chevrolet Labo» жүк машинасының қолжетімді түпкілікті құны шамамен 3 млн теңгені құрайды, бұл олардың сауда, логистикалық, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда шағын және орта бизнес үшін тартымдылығын арттырады.

«Бірінші кезеңде өндіріс көлемі «Chevrolet» маркалы 26 000 көлік құралын құрайды. Жоба экспортқа бағытталған, автомобильдерді жеткізу таяу шет елдерге жоспарланып отыр, бұл шамамен 13 000 бірлік. Барлық экспорттық көлем «KazakhExport» ЭСК» АҚ қолдауымен іске асырылатын болады, ол бізге жаңа нарықтарға шығуға және сол арқылы сату көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Осы ынтымақтастықтың арқасында бізде шетелдік нарықтардағы серіктестерге төлемнің ұзақ мерзімге және қолайлы құны бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның қолдауымен 2017 жылдан бастап өнімді Қазақстаннан тыс жерге жеткізеді», - дейді «СарыарқаАвтоПром» ЖШС директоры Сырым Семейбаев.

Автомобиль жасау ҚР экономикасының қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Ағымдағы жылы автопром өнімінің жалпы көлемін жылына 100 мың автомобильге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ қазақстандық машина жасауды дамытуды белсенді қолдайды. 2020 жылдың басынан бері компания «Узавтосаноат» АҚ-мен бірлесіп «СарыарқаАвтоПром» ЖШС отандық автомобиль жасау кәсіпорнының алаңында өндірілген $ 16,5 млн. сомасына JAC маркалы 1 064 автомобильді Өзбекстанға жеткізуге аккредитивті қаржыландырды.

Өткен жылдың төртінші тоқсанында компанияның экспорттық кредиттерді сақтандыру сияқты құралының көмегімен Ресей Федерациясына $ 3,4 млн. сомасына Ravon Nexia R3 маркалы Қазақстан-Өзбекстан өндірісінің 400 автомобилін жеткізу бойынша мәміле жүзеге асырылды. Сондай-ақ, автомобильдерді құрастыру Қостанай автомобиль зауытында жүзеге асырылды.

- Біз отандық машина жасау саласының үлкен әлеуетін көріп отырмыз және экспорт географиясын кеңейте отырып, жеткізу көлемін ұлғайтып, кейіннен сатуды ынталандыра отырып, өндірушілерге жан-жақты қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Руслан Ысқақов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында «KazakhExport» ЭСК» АҚ Келісімге қол қойды және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Қостанай автомобиль өндірушісінің экспорттық нарықтарын кеңейту бойынша мәмілені жасады.

https://keg.kz/news/show/premer_ministru_rk_a_maminu_dologili_o_planah_razvitiya_avtoproma_rk_na_2020_god

Анықтама:

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ « АҚ құрылымына кіреді) – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуіне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.