KazakhExport Талдықорғанда экспорттаушыларды қолдау құралдары бойынша семинар өткізеді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport Талдықорғанда экспорттаушыларды қолдау құралдары бойынша семинар өткізеді

27-28 қыркүйек күні KazakhExport бизнес-жаттықтырушысы Анара Қабдуғалиева Талдықорғанда экспорттаушыларды қолдау құралдары бойынша экспорттық сақтандыру компаниясының серіктестері үшін оқыту семинарын өткізеді.

Негізгі бағыттары:

- KazakhExport шикізаттық емес тауарлар экспортының өсуін қолдау туралы

- Шетел нарығына шығу кезінде төлемеу ықтимал тәуекелдерін жабу

- Экспорттаушыны қаржыландыру. Кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайдағы қолдау

- Қазақстандық өндірістің тауарларын/қызметтерін сатып алу кезінде Импорттаушыны қолдау.

- Экспорттаушылардың халықаралық тендерлерге қатысуы

- Валюталық тәуекелдерді хеджирлеу

27 Қыркүйек - "Даму" КДҚ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Атамекен" ҚР ҰКП" қызметкерлері үшін   

28 қыркүйек-Екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері үшін

Мекенжайы: Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі 86, "Даму" КДҚ" АҚ Оқу орталығы