Бизнес саудалық қаржыландыру мөлшерлемесін халықаралық көрсеткіштерге сәйкестендіруді сұрауда | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Бизнес саудалық қаржыландыру мөлшерлемесін халықаралық көрсеткіштерге сәйкестендіруді сұрауда

ҚР ҰЭМ өзекті мәліметтеріне сәйкес, маусым айының қорытындысы бойынша елдің сыртқы сауда айналымы $8,3 млрд құрады, бұл мамыр айымен салыстырғанда 3,8% -ға төмен. Атап айтқанда, тауар экспорты $5 млрд дейін төмендеді. Сарапшылар теріс көрсеткіштерді тау-кен тауарлары мен мыс бағасының төмендеуімен байланыстырады. Егер Қазақстан нарықтарға қосылған құны жоғары тауарларды көбірек жеткізсе, экспорт көрсеткіштері неғұрлым тұрақты болар еді.

Ирина Ледовских

Сыртқы нарықтарға шығу кезінде отандық экспорттаушы тек бәсекелестік бағамен сапалы тауарды жеткізіп қана қоймай, өз өнімін сатудың қолайлы шарттарын ұсынуға міндетті. Олардың бірі – импорттаушыға ұсынылатын пакеттік қаржыландыру немесе экспорттық саудалық қаржыландыру. Бүгінгі таңда Қазақстандағы коммерциялық банктер өз өндірушілерінің экспорттық операцияларын қаржыландыратын еуропалық немесе қытай банктеріне қарағанда әлдеқайда қымбат несие береді. Естеріңізге сала кетейік, саудалық қаржыландыру бойынша операциялар әдетте теңгемен емес, АҚШ долларымен немесе еуромен жүргізіледі. Ресей және Беларусь банктері мемлекеттің субсидияларын пайдаланады, бұл оларға «отандастары» шығарған тауарларды сатып алушылар үшін халықаралық деңгейдегі мөлшерлемелер бойынша кредиттер ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ете отырып, экспорттық операцияларды қаржыландыру кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін енгізу туралы ҚР Кәсіпкерлік кодексіне нормаларды енгізді.

«Бүгінгі таңда қолданыстағы қаржыландыру мөлшерлемесі бәсекеге қабілетсіз, бұл экспорт көлемінің өсуін қиындатады. Мысалы, Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен біздің өнімдерге сұраныс бар, бірақ арзан несие ресурстарының болмауы біз үшін едәуір көлемде экспорттауға мүмкіндік бермейді. Мемлекеттің экспорттық саудалық қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау сату көлемін арттыруға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді»,-дейді отандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметінде.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, экспорттық кредиттердің субсидиясына салынған бір АҚШ доллары шамамен $15 АҚШ доллары көлемінде экспорт әкеледі.

«Экспорттық саудалық қаржыландыруды субсидиялау экспорттың өсуіне ғана емес, жалпы алғанда, қазақстандық экономиканың өсуіне қосымша серпін бере алады. Мұндай қолдау отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін айтарлықтай арттыра алады», - деп түсіндірді ALPHALUX Consulting компаниясының бас талдаушысы Сергей Полыгалов.

Шетелде саудалық қаржыландыру мөлшерлемелері 2% -дан 5% -ға дейін ауытқиды. Жыл басынан бері көршілес Ресейде кредиттерді субсидиялау арқылы экспорттаушы компанияларды қолдау бағдарламасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты — шикізаттық емес тауарларды шетелге сатуды екі есе, $250 млрд дейін ұлғайту. Дәл осындай бағдарлама Беларусь елінде жұмыс істейді, онда компаниялар саудалық қаржыландыру бойынша жылдық 3,5% қаржыландыру алады. «Біздің аккумуляторлық батареялар ТМД-ның барлық елдерінде сұранысқа ие. Сонымен қатар, біз тауарды Грузияға, Ауғанстанға, Германияға жеткіземіз. Өткен жылы Қытайдан сатып алушылар болды, біздің өнімдерімізге Парсы шығанағы елдері қызығушылық танытуда. Өнім сұрыптамасын кеңейту, жаңа технологияларды енгізу және өндірісті жаңғырту үшін бизнеске ресурстар қажет. Алайда, ақшаның бір бөлігі қымбат саудалық қаржыландыруға кетеді, бұл отандық өнімнің өзіндік құнын арттырады», - дейді «Қайнар – АКБ» ЖШС қаржы директоры Бақытгүл Кудеринова.

Спикердің пікірінше, бұл жайт экспорттың дамуын тежейді. «Әрине, қымбат саудалық қаржыландыру бізге теріс әсер етеді. Мысалы, Беларусь елінде экспорттаушыларға қолдау көрсетіледі. Қосылған құны жоғары өнім өндіретін кәсіпкерлерге айналымнан ақшаны алмау жүктемесін төмендету үшін саудалық қаржыландырудың халықаралық мөлшерлемесі қажет. Біз субсидиялауды көптен бері ұсынып келеміз және мемлекет бізді естігенімізге қуаныштымыз», - деп атап өтті «Қайнар – АКБ» ЖШС қаржы директоры.

Мемлекет шынымен де кәсіпкерлердің мәселелеріне құлақ асты, бірақ бизнесті қаржылай қолдау шараларының тізімі Кәсіпкерлік кодексте қамтылған, сондықтан өзгерістер осы құжатқа енгізілуі тиіс.

«Субсидиялаудан болатын нәтиже қазақстандық экспорттың өсуі, салықтар мен экспорттық түсімнің түсуі, жаңа жұмыс орындарын құру, экспорт тізбегіне басқа да жергілікті, мысалға, экспортқа шығарылатын тауарларға жиынтықтаушы элементтер өндіретін кәсіпкерлерді тарту түрінде күтіледі», - деп түсіндірді «KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметінде.

Бұл орайда халықаралық тәжірибе мысал бола алады. Мысалы, Оңтүстік Корея бүкіл әлем бойынша тауарларды экспорттайды. «Ел мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын ұсыну арқылы Hyundai және Samsung сияқты компанияларды әлемдік деңгейге шығарды: оның ішінде төмен жеңілдікті несиелерден бастап, баж салықтарын алып тастау, салық жеңілдігін ұсыну. Мемлекеттік қолдау алған алғашқы кезеңдерде бұл компаниялар қазір Оңтүстік Кореяның ІЖӨ 40% -дан артық көлемін құрайтын корпорациялар деңгейіне дейін өсті, -деп қорытты Сергей Полыгалов.

https://kursiv.kz/news/kompanii-i-rynki/2019-08/biznes-prosit-privesti-stavki-torgovogo-finansirovaniya-k