KazakhExport делегациясы Казан қаласында экономикалық саммитқа қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport делегациясы Казан қаласында экономикалық саммитқа қатысты

24-26 сәуір аралығында Татарстан астанасында "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығының алаңында "Ресей – Ислам әлемі: KAZANSUMMIT 2019" XI Халықаралық экономикалық саммиті өтті. Оған әлемнің 57 елінен, Ресейдің 29 аймағынан, 25 дипломатиялық миссиядан 3 000-нан астам адам қатысты.

"KazanSummit 2019" аясында 25 сәуірде өткен Қазақстан Республикасының Сауда-экономикалық миссиясына 7 түрлі саланың 20-дан астам отандық өндіруші компаниясы таныстырылды. Олар ресейлік қатысушылармен B2B форматында екіжақты келіссөздер жүргізді.

KazakhExport бірлескен ұйымдастырушы ретінде қатысты және сақтандыру құралдарын қолдану жөнінде кеңес берді, экспорттаушылар мен әлеуетті сатып алушылар арасында байланыс орнатты.

KazakhExport тарапынан басқарушы директор Руслан Тюлегенов, сақтандыру департаменті директорының орынбасары Диас Жұманбаев және РФ-дағы шетелдік өкіл Данияр Тынымбаев қатысты. Іс-шараның ресми бөлігінде Данияр Тынымбаев спикер ретінде сөз сөйледі және қатысушыларға компанияның қызметі мен бизнесті қолдау құралдары туралы әңгімеледі.

Саммит кезеңінде KazakhExport делегациясымен Ресей Федерациясы субъектілерінің үкіметтік агенттіктерінің: "Удмурт Республикасының даму корпорациясы", Қиыр Шығыс инвестициялар тару және экспортты қолдау Агенттігінің, компаниялар: "Агросила" Холдингі, ресей банктері: "Банк Зенит", "Открытие" және т.б. өкілдерімен В2В форматында он шақты кездесу өткізілді.

2018 жылы Татарстан Республикасына қазақстандық өнім экспортының көлемі 77,5 млн. АҚШ доллар құрады.