Қазақстан экспорттаушыларын қолдау құралдары бойынша өңірлерде оқыту семинарлары жалғасуда | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстан экспорттаушыларын қолдау құралдары бойынша өңірлерде оқыту семинарлары жалғасуда

KazakhExport бизнес-тренері Анара Қабдуғалиева Қазақстанның экспорттаушыларын қолдау құралдары бойынша өңірлерде оқыту семинарларының топтамасын жалғастырады.

Сәуір айындағы семинарлар кестесі:

Атырау:

19 сәуір - "Даму" КДҚ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, ҚР "Атамекен" ҰКП қызметкерлері үшін   

20 сәуір-екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері үшін

Ақтау:

22 сәуір-екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері үшін

23 сәуір - "ДАМУ" КДҚ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, ҚР "Атамекен" ҰКП  қызметкерлері үшін 

Орал:

24 сәуір - "ДАМУ" КДҚ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ,  ҚР "Атамекен" ҰКП  қызметкерлері үшін.

25 сәуір-екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері үшін

Ақтөбе:

26 сәуір-екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері үшін

- "Даму" КДҚ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ,   ҚР "Атамекен" ҰКП  қызметкерлері үшін

Семинар бес бағытты қамтиды:

1) Шетелдік нарыққа шығу кезінде төлем жасамаудың ықтимал тәуекелдерін жабу

2) Экспорттаушыны қаржыландыру. Сақтандыру қосымша кепілмен қамтамасыз ету ретінде.

3) Импорттаушыны ҚР ЕДБ аккредитивтік мәмілелері арқылы қаржыландыру

4) Экспорттаушылардың халықаралық тендерлерге қатысуы

5) Валюталық тәуекелдерді хеджирлеу