KazakhExport экспорттаушыларды қолдау өнімдері бойынша тегін оқытуды бастады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport экспорттаушыларды қолдау өнімдері бойынша тегін оқытуды бастады

KazakhExport тарапынан экспорттаушыларды қолдау өнімдері бойынша банк қызметкерлерін тегін оқыту бастады. Оқытуды Қазақстанның барлық аймақтарында арнайы бизнес-тренер жүргізетін болады.

Оқу бағдарламасы 5 негізгі блоктан тұрады:

  1. Шетелдік нарыққа шығу кезінде төлемсіздіктің ықтимал тәуекелдерін жабу.
  2. Экспорттаушыны қаржыландыру. Сақтандыру қосымша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде.
  3. Импортерді ҚР ЕДБ аккредитивтік мәмілелері арқылы қаржыландыру.
  4. Экспорттаушылардың халықаралық тендерлерге қатысуы.
  5. Валюталық тәуекелдерді хеджирлеу.

Бірінші семинар KazakhExport орталық кеңсесінде банк қызметкерлері үшін өткізілді. Семинарға Альфа-банк, Банк ВТБ, Банк RBK, Банк ЦентрКредит, Нұрбанк, Халық банк, Цесна банк өкілдері қатысты.